Жәнібек сұлтанға арнап жазылған қолжазба табылды

0
50

Әз Жәнібек сұлтанға арнайылап 1334 жылы жазылған 96 беттік қолжазба табылғаны белгілі болды. Бұл жайлы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді.

Жәнібек сұлтанға жазылған қолжазбаның ішінде Осман сұлтаны ІІ Баязидтің (1447-1512) мөрі басылған екен. Мәдениет және ақпарат министрлігінің айтуынша, аталған жазбада Жәнібек сұлтанның түпатасы Шыңғыс ханнан бастап өзінің әкесі Өзбек ханға дейінгі шежіресі алтын нақышпен жазылып, негізгі мәтінде хикметтер жайлы жеткізілген.

Мұраны Түркия елінің Ыстанбұл шаһарында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен болған ғылыми-зерттеу жұмыстары кезеңінде орталық мемлекеттік архивінің қызметкері, ғалым Өмірбек Қанай анықтаған.

Бүгінгі күні бабаның көзіндей бұл мұра елімізге жеткізіліп, әрі қарай зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.


ПІКІР ЖАЗУ