Toyota Alphard көліктері не себепті жиі апатқа ұшырап жатыр?

0
51

Аты шулы Alphard туралы құзырлы органдар ашып айтты.

Соңғы уақытта халық арасында көлік апаты жиілеп кетті, әсіресе ұзақ жолда  адам тасымалдайтын такси жүргізушілері, атап айтсақ  Toyota Alphard  көлігін тізгіндейтін жүргізушілер асығамын деп апаттың айтып келмесін аңдамай қалып жатыр.

«Көлік министрлігінің Автокөлік және көліктік бақылау комитеті Toyota Alphard көліктерінің неліктен жиі апатқа түсетін себебін атады. Бұған көліктің техникалық ақауы емес, заңсыз жолаушы тасымалымен айналысып жүрген иелерінің жылдамдықты тым арттыруы және рулі оң жақта болғандықтан, басып озудың қауіптілігі түрткі болып отыр». — деп Democracy.kz тілшісі хабарлайды «Kursiv.media» -ға сілтеме келтіріп.

«Бүгінгі күнге дейін Toyota Alphard көліктерінің техникалық ахаулар салдарынан апатқа ұшырау дерегі тіркелген жоқ. Мәселен, оң жақтағы рульдерді сол жаққа ауыстырудың салдарынан немесе тежегіштері істен шыққандықтан апат болған емес. Біз Ішкі істер министрлігімен бірге қоян-қолтық жұмыс істеп жатырмыз», – дейді Автокөлікті бақылау басқармасының бас сарапшысы Қанат Қалмағамбетов.

Қарашаның арасында бұл көлікті «кісі өлтіргіш мәшине» деген атаумен ұштастырып жүр. Жол ешқашан қателікті кешірмейтіні баршаға аян, біршама адамның өмірін аманат етіп алған жүргізушілер аса сақ болуы қоғам үшін маңызды.

«Заңға сәйкес, олар техникалық байқаудан жыл сайын өтуі тиіс. Бұл көліктер жолаушы тасымалдау үшін тіркеуге алынбайды. Өйткені рулі оң жағында орналасқан автокөліктердің такси қызметін көрсетуге заңмен тыйым салынған. СондықтанToyota Alphard иелері ресми тіркелмей, заңсыз тасымалдаумен айналысып жүр», – деп пікір білдірді Қанат Қалмағамбетов.

Құрметті жүргізуші есіңізде болсын! Жеткен жерде ерте келдің бе? Деп емес аман келдің бе? Деп сұрайды. Сондықтан ақырын жүріп, анық басайық!


ПІКІР ЖАЗУ