Қазақ тілінің қазіргі мәртебесі
Тіл адам өмірінің ең басты құралы, қарым—қатынастың қайнар көзі. Адамзаттың хайуаннан бірден-бір ерекшелігі де осы тіл.
“ Тіл болмаса, ұлт та болмайды. Яғни ол ұлт бүтіндей өлген, жоғалған ұлт болады. ” деген Ғұмар Қараштай Алаш қайраткерінің кестелі сөзіне сәйкес тілсіз адам өмірін, ұлт тағдырын елестету мүмкін емес.
Әлемде 6000-нан астам тіл бар болса мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болғаны мен әлі күнге өз статусына сай құрметке қол жеткізбеген тілдер де бар. Тіл ұлттың келешегіне тікелей әсер еткендіктен, тілдің өміршеңдігі дәл сол ұлттың ұлттық құндылығы мен руханиятын дәріптеумен сипатталады.
“Қасиетін сезем деп ана тілдің, Қауырсыны қалмады қанатымның. ”деп мұзбалақ Мұқағали айтқан Қазақ тілінің қанаты өз елінде қаншалықты самғауда? Тілге деген Құрметіміз қандай?
2024 жылы Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болғанына 35 жыл толады. 1989 жылы тілдер туралы заң қабылданған шақта тілімізге мемлекеттік тіл мәртебесі берілген тұста , әлі тәуелсіздік алмаған едік. Тіл тағдырына алаңғдаған қазақтың сол сәттегі қуанышында шек жоқ. Ал шет елде жүрген қандастардың қуанышы жайлы Ұларбек Нұрғалымның “Дайағашшы“ кітабында керемет сипатталған. Тілдің тәуелсіздігі елдің тәуелсіздігіне ұласты. Екі жылдан соң сан ғасырлар аңсаған тәуелсіздігімізді алдық. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін 1993 жылғы Конституцияда бекітті, 1997 жылы тәуелсіз Қазақстанның Тілдер туралы заңы қабылданғаны бар Қазаққа мәлім.
“Ең әуелі ана тілі қажет. Егер ана тілін білмесең, онда сен ол ұлттың баласы емессің. Ана тілін білмей тұрып, ұлт білімін ала алмайсың. Ұлт білімі болмаса, онда әдебиеттің болмайтындығы өзі-ақ белгілі. Әдебиеті жоқ ұлттың, өнері де өршімейді. ”
“Тіл сақтауға мүмкін болғанда, тіл сақталуға тиіс. Біз тілімізді қанша сақтасақ, ұлтымызды да сонша сақтаған боламыз” тіл жайлы Ғұмар Қараштың шынайы жанашырлықпен білдірген пікіріндегі “тілдің сақталуы-ұлттың сақталуы“ қағидасы өкінішке орай қазіргі күнде кері мағынаға айналып жатқанына куә болып жүрміз . Қоғамда өз тілін ұмыта бастаған, тіл қадірін жете түсінбеген, ана тілі мен дала тілін айыра алмай жүрген ағайынды көрсек “Шала қазақ , шалабай”деп сыртынан күліп кете барамыз. . . Бірақ олқылықтың түзелгенін шынайы қаламаймыз, біз қаламасақ , талап қылмасақ баяғы жартас сол жартас күйі қала бермек.
1991 жылы елімізде таза қазақша сөйлейтін халықтың пайызы 37 болған. 2015 жылы бұл көрсеткіш 76,3 пайызға өсіп, 2016 жылдың аяғына дейін 82,3 пайызға жеткен екен. 2021 жылғы халық санағының алдын ала мәліметтерінде қазақша білетін ел халқының үлесі – 80,1 пайызды құрайды.
Қарапайым халықтың үлесінен бөлек халық айнасы яки ел алдында сөз сөйлеп жүрген тұлғалар : өнер адамдары болсын, ұлт мәселесіне бас қатыратыны мен сыңай танытатын мемлекет қызметкерлерінің қазақшасына қайран қаласың. Қазақ тілін үйрену соншалықты қиын ба? Әлде ынта мен ниет жоқ па? Бір қызы қазақ тілін меңгере алмай жүрген қызметкерлердің басқа шет тілдерді ана тіліндей үйреніп судырата сөйлегеніне таңқаласыз.
Қорыта айтқанда ағысы қатты, күн сайын толқыны тасыған қоғамда мемлекеттік тілді білмеу жәй ғана емес саяси мәселе ретінде қарастырылуы үшін әр қоғам мүшесі атсалысса екен. . .