Түркия мемлекеті Telegram әлеуметтік желісіне тыйым салуды жоспарлап отыр

0
62

Есірткі сату және құмар ойындарды тарату арналарының белең алуына  байланысты Түркия билігі Telegram әлеуметтк желісіне тыйым салуы мүмкін.

Белгілі хабар таратушы Sabah басылымының ақпары бойынша, Түркия елінің Ақпараттық технологиялар және коммуникациялар басқармасы мессенджерде «есірткі, жезөкшелік, құмар ойындар мен педофилия жайлы бейнелер еркін сатылатын» арналарды анықтаған екен.

Жауапты орган Англия еліндегі Telegram штаб-пәтерінеаталған типтегі арналарды бұғаттауды сұрап 1000-нан астам хат пен хабар жіберген. Алайда ол жақтан анық жауап берілмеген.

«Егер Telegram жақын арада бұл арналарға қатысты шара қолданбаса, әлеуметтік желінің жабылуы күн тәртібіне қойылуы мүмкін», – депті  тілдескен дереккөздердің бірінде.

Түркия елі Telegram желісін көп пайдаланатын  елдер қатарында 10-орында (жуықтап айтсақ 8 миллион белсенді пайдаланушы бар).


ПІКІР ЖАЗУ