Халықаралық жастар күніне орай Көкшетауда WHITE PARTY өтті

0
62

Көкшетау қаласының «Тәуелсіздік» алаңында «Жастармен бірге!» Халықаралық жастар күнін мерекелеу аясында open air форматында #WhiteParty мерекелік жастар іс-шарасы ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Сабырхан Кенжебаев, қаламыздың белсенді жастары, волонтерлері, талантты әншілері мен бишілері сондай-ақ, қала тұрғындары қатысты. Шараның мақсаты – жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту, жастарды мәдени құндылықтарға тарту, жастардың азаматтық және патриоттық өзін-өзі тануын ынталандыру, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

Іс-шара барысында байқаулар, көрермендермен викториналық ойындар, сондай-ақ «Асық ату» және «Арқан тартыс» сияқты сайыстар ұйымдастырылып, биылғы жылдың белсенді әрі ерекшеленген жастарын марапаттау рәсімі өткізілді.

«Іс-шара аясында концерттік бағдарлама, жастардың шығармашылық ұжымы интерактивті конкурстармен, көрермендермен викториналар, сондай-ақ Көкшетау қаласының ЖРО «асық ату» және «арқан тарту» сияқты ұлттық ойындар бойынша конкурстар ұйымдастырылып, сондай-ақ жастар саясаты саласындағы қоғам қайраткерлеріне, су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан еріктілерге, ұлттық онкүндік шеңберіндегі іс-шаралардың белсенді қатысушылары мен жеңімпаздарына және т.б. алғыс хаттар табыс етілді» — дейді облыстық ЖРО басшысы Дастан Ермеков.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тұжырымдамасына сәйкес Ақмола облысында Халықаралық Жастар күнін мерекелеу «Жастармен бірге!» атты Ұлттық онкүндік аясында өтіп жатыр. Бұл күнді 1999 жылы 17 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы Дүниежүзілік жастар істері жөніндегі министрлер конференциясында 12 тамызды «Халықаралық жастар күні» деп жариялау туралы шешім бекітілді.

2024 жылы Халықаралық жастар күнінің тақырыбы «Жоспардан прогреске: жастардың тұрақты дамуындағы цифрлық жолдары» ретінде тұжырымдалған. Халықаралық жастар күні шеңберінде ұлттық онкүндікті өткізу жастар белсенділігін дамыту, жас азаматтардың білім алуы мен өзін-өзі жүзеге асыруы үшін қолайлы орта құруға, сондай-ақ жастардың еліміздің қоғамдық-мәдени өміріне белсенді қатысуын ынталандыруға бағытталған.


ПІКІР ЖАЗУ