Екі күндік тренинг өткізуді жоспарлап отыр

0
65

Ақмола облысында Жастар жұмысына қатысты тренинг болайын деп жатыр.

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының баспасөз қызметінің айтуынша  «Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының «Жастар – ресурстық орталығы» МКМ, а.ж. Маусым айының 25-26 жұлдызында,  Көкшетау қаласы, Сәтбаев көшесі, 1 Б (акт залы) мекен-жайы бойынша, Ақмола облысы жастар ресурстық орталықтарының жастар қызметкерлерін оқыту бағдарламасына сәйкес «Жастар жұмысының негіздері» тақырыбында екі күндік тренинг өткізуді жоспарлап отыр.»

Шарада Жастар жұмысы дегеніміз не және оның негізгі принциптері туралы және Жастар жұмысының түрлері мен әдістері: ашық жұмыс, көше жұмысы, цифрлық жұмыс,мамандандырылған жұмыс туралы таныстырылады. Жастар орталықтарының қызметін зерттеу нәтижелері: бағдарламалық бөлім, кадрларжәне инфрақұрылым бойынша сөз қозғалмақ.


ПІКІР ЖАЗУ