XX Азия ойындары қалай өтіп жатыр?

ХХ Азия ойындары жалғасып жатыр. Спортты дамыту дирекциясының баспасөз мәліметінше, бүгін Азия ойындарында велотректен жарыс басталды.
Аталған сайысқа Қазақстан атынан 10 спортшы қатысты. Командалық спринт сайысында Кирилл Куриди, Данияр Шаяхметов және Дмитрий Резанов іріктеу кезеңінен өтіп, 44.328 уақыт көрсеткішімен 3-орынға тұрақтады.
Бұдан бөлек, Қазақстан құрамасы жаңартылған есеп бойынша 6-орынға түсіп, үздік бестіктен шығып қалды. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында 9 алтын, 13 күміс және 23 қола медаль бар.
ХХ Азия ойындарына Қазақстан құрамасынан 558 спортшы қатысқан. Олар спорттың 35 түрінен бақ сынап жатыр.







