Джеки Чан Қазақстанға келді: Алматыда ауқымды халықаралық киножоба бастау алды

0
12

Қазақстандық киноиндустрияда тарихи жаңалық!

Әлемге әйгілі киножұлдыз Джеки Чан Қазақстанға келді. Оның бұл сапарының басты себебі — танымал франшизаның жалғасы болып табылатын «Құдайдың сауыты: Ультиматум» фильмінің түсірілімдері. Жаңа туындының режиссері — қазақстандық маман Роберт Кун. Фильмнің негізгі түсірілімдері Алматы қаласында өтеді, ал тұсаукесері алдағы ақпан айына жоспарланған.

Бұл ауқымды жоба ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қытайдың мемлекеттік «China Film Group» компаниясының қолдауымен жүзеге асуда. Фильм өндірісіне отандық «Sәlem Entertainment» және гонконгтық «Billion Target» компаниялары тікелей жауапты. Сондай-ақ, халықаралық бастамаға отандық «Kaspi.kz» компаниясы да үлкен қолдау көрсетіп отыр.

Бұл түсірілім — отандық кино саласы үшін ғана емес, бүкіл мемлекет үшін стратегиялық маңызы зор қадам. Голливуд пен Гонконгтың үздік мамандарын біріктірген жоба Қазақстанның табиғи сұлулығы мен туристік әлеуетін әлемдік экран арқылы миллиондаған көрерменге паш етпек. Елімізде кинотуризмді дамытуға таптырмас мүмкіндік беретін бұл туынды Қазақстанның ірі халықаралық жобаларды жоғары деңгейде қабылдауға толықтай дайын екенін дәлелдейді.


ПІКІР ЖАЗУ