Шымкентте 982 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

0
10

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков хабарлады.

Шымкент қаласында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде. Биыл 1 375 000 шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған болатын, қазіргі уақытта оның 982 000 шаршы метрі пайдалануға берілді.

Алайда, халық санының жедел өсуіне байланысты тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар саны 90 мыңнан асқан. Биыл 3 808 пәтерлі 61 әлеуметтік тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, жыл соңына дейін 2 574 пәтерлі 34 тұрғын үйпайдалануға беріледі.

«Баспанамен қамтамасыз ету – халықтың әл-ауқатын арттырудың негізгі көрсеткіштерінің бірі. Біз әлеуметтік тұрғын үй құрылысына, реновацияға және осал топтарды қолдауға басымдық береміз. Құзырлы органдармен бірлесіп, «Отбасы банк» арқылы пәтерлерді уақытылы үлестіру жұмыстарын жеделдетеміз», – деді Ғабит Сыздықбеков.

Қала әкімінің мәліметінше, әлеуметтік осал топтарға 1 523 пәтер сатып алынуда. Жергілікті бюджеттен 388 отбасығатұрғын үй сертификаттары берілген. Сонымен қатар, реновация бағдарламасы аясында апатты деп танылған 12 үйдің иелеріне 120 жаңа пәтер тапсырылған.


ПІКІР ЖАЗУ