Шымкентте «Қара шаңырақ» қолөнер және халықтық өнер көрмесі өтті

0
111

Бүгін Шымкентте Қазақстан Республикасының 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай қалалық Достық үйінде «Қара шаңырақ» қолөнер және халықтық өнер көрмесі өтті.

Алғаш рет ассамблея алаңында ұйымдастырылған іс-шараға 20-дан астам астам қолөнер шебері қатысып, өз туындыларын көпшілік назарына ұсынды.

Қазақ халқының дәстүрлі қолөнерін насихаттау, ұлттық мәдени мұраны сақтап, дамыту арқылы оны жас буын арасында дәріптеуді мақсат тұтқан іс-шараға қалалық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Айгүл Амзеева, қалалық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Досыбай Шерімқұлов, қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенділері және қала тұрғындары қатысты.

Көрмені тамашалауға келген қонақтар алдында сөз сөйлеген қалалық ҚХА хатшылығының меңгерушісі іс-шараның маңыздылығына тоқталып, қазақ халқының қолөнерін дәріптеу, таныту бағытында жергілікті этнос өкілдері де атсалысып келе жатқанын айтты.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда «Ұлттық мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді, соның ішінде қолөнерді жаңғырту – ұлттың өзіндік болмысын сақтаудың басты жолы», – деді. Бүгінде ұлттық қолөнеріміз қайта жаңғырып, сән индустриясы, туризм, интерьер дизайны сынды түрлі салаларда кең қолданылып келеді. Жас шеберлер дәстүрлі тәсілдерді заманауи технологиялармен ұштастырып, жаңа бағыттарды қалыптастыруда. Қазақ қолөнері халықаралық көрмелерде жоғары бағаланып жүр, – Айгүл Тұрсынбекқызы.

Ұлттық қолөнерді дәріптеген игі іс-шараға атсалысқан қолөнер шеберлеріне арнайы алғыс хаттар мен естелік кәдесыйлар табысталып, көрме соңы шара концерттік бағдарламамен жалғасты.

Концерт барысында ұлттық ән-күйлер шырқалып, дәстүрлі би өнері көпшілікке ұсынылды. Қала тұрғындары мен қонақтары қазақ халқының бай мәдени мұрасымен жақын танысып, қолөнер туындыларының жасалу барысын тамашалады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай көрмелер этносаралық келісімді нығайтып, ұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттауға зор ықпал етеді.

Алдағы уақытта да халықтық өнерді дәріптейтін осындай мәдени іс-шараларды тұрақты түрде өткізу жоспарланып отыр. Алдағы уақытта бұл бастама жастарды ұлттық өнерге баулып, мәдени сабақтастықты нығайтуға бағытталмақ.

Қоғамдық келісім баспасөз қызметі
#ҚХА30жыл #30летАНК #Шымкент #Shymkent


ПІКІР ЖАЗУ