Шымкент жастары арасында діни сауаттылықты арттыру жұмыстары жалғасуда

0
44

Шымкент – этностар мен мәдениеттер көп шоғырланған, қоғамдық келісім мен татулықтың ерекше маңызға ие шаһар. Сондықтан қалалық мекемелер тарапынан жастардың діни сауатын арттыру, кереғар идеологиядан сақтандыру, әлеуметтік желілерді саналы пайдалану дағдыларын үйрету мақсатындағы бағдарламалар жыл сайын кеңейіп келеді. Қала аумағында жастармен жүргізіліп жатқан ақпараттық-түсіндіру жұмыстары қоғамның қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етудегі маңызды әлеуметтік саясаттың бір тармағы болып саналады. Бұл ретте, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті колледжінде өткен кездесу аталған жүйелі жұмыстың нақты көрінісі.
Қазіргі таңда мегаполис жастары ақпараттық кеңістікте ашық әрі жылдам өзгеретін ағымдардың ықпалында өмір сүретіндіктен, оларды дұрыс бағытқа бағыттау, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау бұрынғыдан да өзекті.

Осы орайда, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің колледжінде студент жастар арасында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Шараның негізгі мақсатыжастардың азаматтық жауапкершілігін арттыру, қоғамдағы бейбітшілік пен татулықтың маңызын түсіндіру және кереғар діни ағымдардан сақтандыру болды.

Кездесуге Шымкент қаласының «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкерлері Нұржан Абдукаримов пен Тимур Бөрібаев, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Нұрхан Әбдіманап, сондай-ақ колледж қызметкері Зере Омар қатысты. Жиынға қатысқан сала мамандары жастарға нақты мысалдар келтіре отырып, бейбіт өмірдің берік негізіөзара құрметпен қоғам алдындағы жауапкершілік екенін терең түсіндірді. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерді тиімді пайдалану, мемлекеттік тілді кеңінен қолдану, Отан алдындағы әскери борышты өтеу, деструктивті діни идеологиялардың зияны сияқты өзекті тақырыптарды қозғады.

Басқосу барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын белсенді түрде қойып, мамандармен ашық пікір алмасты. Бұл олардың қоғамдық өмірге деген ықыласы жоғары екенін көрсетті. Осындай кездесулер жас ұрпақтың ой-өрісін кеңейтіп қана қоймай, оларды ақпараттық қауіптерден сақтандыруға, оның ішінде әлеуметтік желілерде тарайтын жалған діни және радикалды идеяларға қарсы тұру қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Шымкент қаласында мұндай жұмыстардың тұрақты жүргізілуімегаполистің әлеуметтік тұрақтылығын нығайтуға, жастардың саналы, белсенді әрі елжанды азамат болып қалыптасуына жол ашады. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы бастамалардың жалғаса беруі қаланың рухани дамуына және қоғамдық келісімнің сақталуына маңызды үлес қоспақ.


ПІКІР ЖАЗУ