Тәрбиелі ұрпақ – құқықтық сауатты қоғамның негізі

0
175

Қазіргі жаһандану дәуірінде елдің болашағы саналатын жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесі ерекше маңызға ие. Сондықтан тәрбие көрген, саналы да салиқалы әрбір ұрпақ ұлттыңұлағаты мен мәдени мұрасын сақтап, келешекке жеткізері сөзсіз. Осы орайда, Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студент жастарына арналған «Тәрбиелі ұрпақ – ел тірегі» тақырыбында кездесу өтті.

Іс-шараның негізгі мақсатыжастардың бойында адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, отбасылық тәрбиенің маңыздылығын түсіндіру, құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, буллингке қарсы мәдени көзқарасты дамыту, сондай-ақ өскелең ұрпақтың патриоттық рухын көтеруге бағытталған.

Кездесу барысында салалық мамандар мен сарапшылар жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыру, құқықтық мәдениетке баулу және тұлғалық дамуына ықпал ететінтәрбиелік бағыттарды жан-жақты талқылады. Шара аясында жас ұрпақтың бойында жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, ұлттық сана мен рухани құндылықтарды дәріптеу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, отбасылық тәрбие мен ата-анамен қарым-қатынастың маңыздылығы, отбасылық құндылықтарды сақтау мен нығайту жолдары, құқықтық сауаттылықты жетілдіру мәселелелері туралы пікірлер ортаға салынып, қатысушылар арасында ашық диалог орнады.

Аталған шараға Шымкент қаласы прокуратурасының аға прокуроры Дінислам Әлжан, Az-UIA (Әз-Ұя) қоғамдық бірлестігінің педагог-психологы Алтынбек Боранбек, PhDдоктор, доцент, тәжірибелі психолог әрі гештальт-терапевт Салтанат Асанова қатысып, өз кәсіби тәжірибелерімен бөлісті.

Аға прокурор Дінислам Әлжан жастарға заң үстемдігі мен тәртіптіліктің қоғам өміріндегі рөлін түсіндіре келе, елге адал қызмет етунағыз патриотизмнің көрінісі екенін атап өтті. Оның айтуынша, азаматтық белсенділік ұрандатумен шектелмей, әр адамның өз ісіне деген адалдығымен қоғамға пайдалы болуға ұмтылысынан көрініс табуы тиіс. «Күшті республика – сенімді болашақ» қағидаты әрбір азаматтың саналы әрекетімен жүзеге асырылады. Заңға құрметпен қарау, құқықтық нормаларды сақтауәрбір азаматтың басты міндеті екенін тілге тиек еткен спикер, жастарды елінің адал азаматы болуға, заң аясында әрекет етіп, әділеттілік пен адамгершілік қағидаттарын өмірлік ұстанымға айналдыруға шақырды.Кездесу соңында жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, құқықтық білімдерін жетілдіруге бағытталған нақты кеңестер ұсынды.


ПІКІР ЖАЗУ