Жалпыұлттық бірлікті бекемдеуге бағытталған кездесу өтті

Еліміздегі түрлі этностар мен конфессия өкілдерінің татулығы мен өзара түсіністігі қоғамдағы бейбітшілікті, тұрақтылықты және бір мақсатқа жұмылған ортақ ұмтылысты қалыптастырады. Осы құндылықтарды сақтау және одан әрі нығайту – әр азаматтың азаматтық парызы әрі ортақ міндеті.
Осы орайда, бүгін Шымкент қаласының Еңбекші ауданына қарасты Маятас және Жыланбұзған тұрғын алаптарында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға арналған кездесу өтті.
Шараның негізгі мақсаты – қоғамдағы бейбітшілікпен тұрақтылықты сақтау, этносаралық татулықтынығайту, сондай-ақ ұлттық бірлік пен келісімдінасихаттау.
Жиынға Шымкент қалалық Қазақстан халқыАссамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесітөрағасының орынбасары Батырбек Жалмұрзаев, Еңбекші ауданы әкімі аппаратының қызметкеріАққағаз Дүйсебекова, ауыл ақсақалдарыОрынбасар Сүттібаев пен Мұхтар Өсербаев арнайықатысып, елдің ынтымағы мен татулығын сақтау жөнінде тағылымды ойларын ортаға салды.

Кездесу барысында қатысушылар ел ішіндегіынтымақ пен өзара сыйластықтыңмаңыздылығына, халық бірлігінің – мемлекетдамуы мен өркендеуінің басты тірегі екенінетоқталды. Олар Қазақстандағы этносаралық келісіммен дінаралық түсіністіктің әлемге үлгі боларлықдеңгейде қалыптасқанын, бұл жетістіккеТәуелсіздік жылдарында жүргізілген сарабдалсаясаттың және қоғамдағы азаматтықжауапкершіліктің арқасында қол жеткізілгенінерекше атап өтті. Сондай-ақ, бірлікті сақтау тек мемлекеттік құрылымдардың ғана емес, әрбіразаматтың, әрбір отбасының, әрбір жастың міндетіекені айтылды. Қатысушылардың пікірінше, ел болашағы үшін ортақ мақсатта әрекет етіп, ұрпаққабейбіт өмір мен рухани тұтастықты аманаттау – бүгінгі қоғамның басты парызы.
Бұдан бөлек, басқосуда жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімнің ел болашағындағы айрықшаорны кеңінен айтылды. Қонақтар жас ұрпақты адалдыққа, еңбекқорлыққа, елжандылыққа баулу – әрбір азаматтың борышы екенін жеткізді. Соныменқатар, әлеуметтік желілерді сауатты пайдалану, жастар арасындағы тәрбие мәселесі, қоғамдағы өзекті тақырыптар сөз болып, қатысушылар пікір алмасты.
Мұндай іс-шаралар түрлі ұлт өкілдері тату-тәттіөмір сүріп жатқан елімізде бірлік пен келісім мәдениетін одан әрі бекемдеуге бағытталған маңызды қадам саналады. Сонымен қатар, мұндай кездесулер халықпен ашық диалог орнатып, жергілікті деңгейде туындаған мәселелерді бірге талқылауға, қоғамдық сананы жаңғыртуға және ортақ құндылықтарды дәріптеуге үлкен мүмкіндік береді.
Кездесу соңында тұрғындар көкейіндегі сұрақтарын қойып, білікті мамандардан нақты жауаптар алды. Жиынның басты түйіні – берекемен бірлік бар жерде ғана тұрақтылық пен даму болатыны тағы бір мәрте айқындалды.








