Еліміздің әлеуетін жаңа биікке көтеруге міндеттіміз

0
170

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған бүгінгі Жолдауы ел тағдырына тың серпін беретін, айқын мақсаттармен нақты міндеттерге толы тарихи құжат болды. Әсіресе, жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстанның орны туралы айтылған ойлар мені ерекше тебірентті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан үш жыл ішінде міндетті түрде жаппай цифрлық ел болуы керек. Әйтпесе, артта қалудың салдары өте ауыр болады» – деп нақты әрі батыл үн қатты.

Шынында да, жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар бүгінгі әлемнің қалыптасузаңдылықтарын түбегейлі өзгертуде. Біз осы беталыстан қалып қоймай, керісінше білім мен тәжірибені, технологиялық жаңалықтарды үйлестіріп, еліміздің әлеуетін жаңа биікке көтеругеміндеттіміз.

Президенттің «Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру қажет» деген бастамасы заман талабынан туған аса маңызды қадам деп білемін. Бұл министрлік мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттырып, жастарымыздың жаңа технологияларды еркін меңгеруіне жаңа мүмкіндіктер ашады. Сонымен қатар, цифрландыру арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы артып, халықпенкері байланыс орнату жолдары жеңілдейді. Жастаринновациялық жобаларға белсенді араласып, заманауи ақпараттық ортада өз әлеуетін дамытуғажол ашады. Бұл өз кезегінде елдің экономикалық дамуына, білім мен ғылымның өркендеуіне оңәсерін тигізеді.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы ұсынған бірпалаталы Парламент құру жөніндегі бастама еліміздің саяси жүйесін жаңғыртып, қоғамдық сенімді нығайтуға бағытталған маңызды реформа болмақ. Бұл жайлы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Мен елімізде көп ұзамай бір палаталы Парламент құру туралы бастама көтергім келедіЕгер ортақ келісімге келсек, ондай Парламентті тек партиялық тізім бойынша сайлаған дұрыс» – деді.

Бұл елдің саяси болмысын өзгертіп, жаңа кезеңге аяқ басуымызға серпін беретін шешім. Президент бұл бастаманы ашық талқылау арқылы, халықтың келісімімен, 2027 жылы жалпыұлттық референдумда жүзеге асыруды ұсынды.

Менің ойымша, бүгінгі Жолдаудағы екі маңызды бағыт, яғни технологиялық жаңғыру мен саяси реформалареліміздің болашақ дамуының негізін қалайды. Болашаққа сеніммен қарап, жаңа биіктерді бағындыруда бізге дәл осындай батыл әрітың қадамдар ауадай қажет. Ал, оны жүзеге асыру баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз деп білемін.

Мұрат ЖОЛДЫХОЖАЕВ,
«AMANAT» партиясы Шымкент қалалықфилиалының төрағасы


ПІКІР ЖАЗУ