Шымкент қалалық ҚХА мүшелері «KazFerroGroup» кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесті

Биыл елімізде «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланғаны баршаға аян. Бұл бастама техникалық және кәсіби білім беруді жетілдіруді, жалпы жұмысшы мамандығының беделін көтеруді көздейді. Бұл тұрғыда, еліміздегі еңбек адамдарына құрмет көрсету, олардың әлеуметтік жағдайына көңіл бөлу және еңбек ұжымдарының рөлін арттыра отырып, этносаралық қоғамдық келісімді күшейтудің мәні бөлек. Осы орайда, Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері мен этномәдени бірлестіктердің төрағалары әріптестік бірлік пен Ассамблея қызметін одан әрі жетілдіру және дамыту бойынша «KazFerroGroup» ЖШС кәсіпорнында іссапармен болды.


Кездесудің басты көздеген мақсаты — жастарды түрлі кәсіпорындар мен өндірістік орындардың жұмысымен таныстыру арқылы жұмысшы мамандықтарға деген қызығушылығын арттыру, кәсіпорындардың әлеуметтік әлеуетін көтеру жәнетүрлі ұлт өкілдері арасындағы қоғамдық келісімді күшейтуге бағытталды.

Іс-шара барысында делегация мүшелері өндірістік үдерістермен, жаңа цехтардың жұмысымен танысты. Сонымен қатар, кәсіпорын тарапынан еңбеккерлерге көрсетіліп жатқан әлеуметтік қолдау шаралары туралы толыққанды мәлімет алды. Аралау аясында кәсіпорын басшылығы қонақтарға компанияның құрылу тарихы, даму кезеңдері мен соңғы жылдары жүзеге асырылған жобалар туралы егжей-тегжейлі баяндады. Және жұмысшылардың әл-ауқатын арттыру бағытында қолға алынған бастамаларға кеңінен тоқталды.
Атап айтқанда, жұмысшылардың еңбекақысын кезең-кезеңімен арттыру, тұрғын үй мәселесін шешу, медициналық қызмет сапасын жақсарту, сондай-ақ мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған оқыту бағдарламаларын ұйымдастыру сынды бастамалар еңбек ұжымыныңәл-ауқатын арттыруға бағытталған. Бұл шаралареңбек өнімділігін жоғарылатып қана қоймай, кадр тұрақтылығын сақтауға оң әсерін тигізуде.

ҚХА мүшелері өндірістік аймақты аралап, жаңа технологиялық құрал-жабдықтардың жұмысыментанысып, жұмысшылармен еркін форматта пікіралмасып, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Кездесу соңында қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан өндірісте үздік нәтижекөрсеткен бірқатар қызметкерлерге алғыс хаттар табысталды.








