Балалардың рухани байлығын арттыруда кітап көрмесінің көмегі көп

0
159

Бүгінгі таңда еліміздің әр өңіріндегі білім мен тәрбие ошақтарында жас буынды кітап оқуға баулу ісі тиімді жолға қойылған. Бұл бағыттағы түрліакциялар мен оқуға құштарлықты арттыруғаарналған арнайы іс-шаралар да жиіұйымдастырылып тұрады.

Мұндай нәтижелі жұмыстардың жүзеге асуына тек оқу орындары ғана емес, кітапханалар да атсалысатыны анық. Өйткені, кез келген күнделікті ақпараттың қайнар көзі, қажетті әдебиеттің көптеген қоры кітапханада жинақталады. Сол себепті оқырмандарды кітапханаға тарту, олардың бойындағы кітап оқуға деген қызығушылығын ояту арқылы патриоттық рухта тәрбиеленуіне, өскелең ұрпақтың білімін, рухани байлығын арттырып, ғылыми, кәсіби, мәдени дәрежесінің дамуынаықпал жасаудың маңызы зор. Әрине, бұл оқу ордалары, кітапхана қызметкерлерініңұйымдастыру қабілетіне кәсіби біліктілігіне, іскерлігіне тікелей байланысты болмақ.

Осы орайда, Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасында «Білім шыңы, ғылым сыры» ашық есік күні өтті. Іс-шараға  М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің Дайындық орталығының оқытушысы Ғалым Қасымхан, Ж.Баласағұн атындағы №6 жалпы орта білім беру мектебінің ұстазы Есеева Қаламқас, А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназия ұстазы Налибекова Камиляның жетекшілігімен аталмыш мектеп оқушылары  және Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы студенттері  қатысты.

Ашық есік күні аясында қатысушыларға арнайы жасақталған кітап көрмесі таныстырылды. Бұдан соң кеш қонақтары ұлттың рухани байлығын, мәдени мұрасын және жас буынның білімге деген ұмтылысын арттыруда бүгінгі ашық есік күнінің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатаркітапханашылар күшімен «Оқыған бала мен жалқау бала» сахналық қойылымы көрсетілді. Көрермендерге «Тауық пен балапан» роліндегі кітапханашы Б.Турсунмамедова мен кішкентай бүлдіршін А.Ерболат ойнаған балапан рөлі ерекше мерекелік көңіл күй сыйлады. Ал А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназия оқушыларыжастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге негізделгенөлеңдер оқыды. Бұдан бөлек, білім алушылардың Абайдың қара сөздерін жатқа айтуы көрерменді бір серпілтті. Директор орынбасары Ұлтуар Ынтымаққызы өз құттықтау сөзінде ұстаздар мен оқушылардың жаңа оқу жылына сәттілік тілеп,кешті қорытындылады.

Кітапхана мәңгілік елдің рухани мұрасын сан ғасырларға жалғайтын және насихаттайтын бірегей ақпараттық орта. Сондықтан болашақта білімді де білікті, рухани көкжиегі кең жастарды тәрбиелеудекітапхананы рухани құндылықтар сақталғаншығармашылық алаңға айналдыруға бірлесе күшжұмсау керек.


ПІКІР ЖАЗУ