Жастарға бірлік пен татулық қағидаттары түсіндірілді

0
195

Қазіргі таңда еліміздің әр өңірлеріндегі оқу орындарында, жастар ресурстық орталықтарында, мәдениет үйлерінде және «Қоғамдық келісім» мекемелерінде жас ұрпақққа бірлік пен татулық қағидаттарын кеңінен дәріптейтін шаралар жиі ұйымдастырылып жүр. Осындай басқосулардың  бірі бүгін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті жастарымен арнайы кездесу өтті.

Іс-шараның басты мақсаты — қоғамдағы келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайта отырып, жас буынның бойында елжандылық, өзара құрмет, толеранттылық сияқты маңызды құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған.

Кездесуге Шымкент қаласы ҚХА жанындағы Қаратау аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Зульфия Бекмұрзаева, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің бөлім басшысы Нұржан Әбдікерім, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Аутрич және NEET жастармен жұмыс бөлімінің маманы Мөлдір Алайдар, қалалық дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру бөлімінің теолог маманы Нұрдаулет Аманкелді қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар жастардың тәрбиесі туралы, олардың бойына рухани-адамгершілік құндылықтарды сіңіру, отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа, жауапкершілікке баулу бойынша өз ойларын ортаға салды. Сондай-ақ Отан алдындағы әскери борышты өтеу, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, әлеуметтік желілерде іріткі салатын ақпараттарды таратпау, ұлтаралық қарым-қатынасты жақсарту, кереғар діни ағымдардан сақтану, т.б. мәселелер туралы кеңінен түсіндірді. Және жастарды жауапкершілікке, патриоттық рухқа тәрбиелеудің маңыздылығына тоқталып, бүгінгі заманда әрбір жас Қазақстанның тұрақтылығы мен дамуына өз үлесін қосуы қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар, спикерлер интернет кеңістігіндегі жалған ақпараттар мен арандатушылық сипаттағы контенттерден қалай сақтану керектігі жөнінденақты мысалдар келтіріп, медиасауаттылықтыарттыру бойынша кеңестер берді.

Кездесу аясында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мен құрметтеудің жолдары, қазақ тілін ұрпақ санасына сіңірудің маңыздылығы да көтерілді. Бұдан бөлек, ұлтаралық татулық пен конфессияаралық келісімді сақтау мақсатында жастар арасында сенім пен өзара сыйластықтынасихаттау қажеттігі айрықша атап өтілді.

Шара соңында жастар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасты. Мұндай кездесулердің жиі өткізілуі жас буынның азаматтық белсенділігін арттырып, саналы әрі сауатты қоғам қалыптастыруға сеп болатыны айтылды.


ПІКІР ЖАЗУ