Шымкент тұрғындары медиаторлардан тегін кеңес алды

0
179

Қоғамдық келісім мен ел дамуының басты кепілі – этносаралық ынтымақтастықты арттыру және саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету. Осы бағытта Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Медиация кеңесі белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Белгілі болғандай, бұл құрылымның басты миссиясы – түрлі этнос өкілдері арасындағы бейбітшілік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз ету.

Шымкенттегі «Құқықтық тәртіп пен татуластыру орталығында» Медиация күніне арналған Ашық есіктер күні өтті. Іс-шараны ұйымдастырған – Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Медиация кеңесі.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамда медиация институтын ілгерілету, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және дауларды сотқа жеткізбей шешудің тиімділігін кеңінен насихаттау.

Ашық есіктер күні барысында қала тұрғындары кәсіби медиаторлардың көмегіне жүгінді. Олар отбасы, еңбек, мүліктік және этносаралық келіспеушіліктерге қатысты нақты сұрақтарын қойып, медиаторлардан тегін құқықтық әрі медиативтік кеңестер алды. Сондай-ақ азаматтарға құқықтарын қорғау, сотқа дейін татуласу мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.

Этномедиация кеңесінің мүшелері медиацияның этносаралық қатынастарды реттеудегі рөлі мен қоғамдық келісімді нығайтудағы маңызын түсіндірді.

Шымкент қаласы ҚХА хатшылығының меңгерушісі Айгүл Амзееваның айтуынша, жыл басынан бері Медиация кеңесі бұл бағыттағы жұмысын жалғастырып келеді. Атап айтқанда, этнос өкілдері тығыз қоныстанған шағынаудандар мен оқу орындарында тұрақты түрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мен кездесулер ұйымдастырылуда.

Бұл шаралар азаматтарды медиация рәсімдерінің құқықтық негіздерімен жан-жақты таныстыруға, татуласу тәсілдерін үйретуге және этносаралық қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу тәжірибесін қалыптастыруға бағытталған.

Кеңес құрамындағы медиаторлар этномедиацияның қоғамдағы орны мен рөлін де атап өтті. Олар бұл үрдістің бейбітшілік пен қоғамдық келісімді нығайтудағы маңызын ерекше көрсете келе, медиацияның этносаралық қатынастарды тиімді реттеудің негізгі құралы екенін баса айтты.

ПІКІР ЖАЗУ