18 Мамыр – Қырым татар халқының депортация күні

1944 жылдың 18 мамырында Кеңес Одағы Қырым татар халқын туған жерінен күшпен көшіріп, ауыр зұлматқа ұшыратты. Бір күнде 183 мыңнан астам Қырым татары вагондарға тиеліп, Орта Азия мен Сібірге жер аударылды. Бұл – бір ұлттың толықтай тамырымен жұлынып, бөтен мекенге күштеп көшірілгені еді.
Жас демей, кәрі демей, әйел, бала, жүкті аналар да вагондарға күштеп салынды. Мыңдаған адам жолда аштық пен аурудан көз жұмды. Көшірілгендердің біразы ғана жаңа мекенге жетіп, аман қалды.
Олар тастап кеткен үйлер, егістік жерлер, құдықтар басқа адамдарға берілді. Бүгінде сол ұрпақтар Қырым өзіміздікі деп айтқанымен, бұл жердің тарихында Қырым татарларының орны ерекше.
Қырым татарлары – өз отанын сүйген, тарихынан айырылса да, рухын сақтаған халық. Олар әділетсіздікке қарамастан, өз мәдениетін, тілін, салт-дәстүрін жоғалтпай сақтап қалды.
Бұл күн – тек тарих сабағы емес, естен шығаруға болмайтын ауыр шындық.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.