Жарыстыңда түр түрі бар

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды
Бельгияда шағаланың дауысын салудан Еуропа чемпионаты өтті деп хабарлайды democracy.kz ақпараттық порталы 24.kz -ке сілтеме жасап.
Чемпионатқа 14 елден 60-қа жуық адам келген. Қазылар мұнда тек құстың үнін салғандарды ғана емес, олардың киім киісі мен шағалаға ұқсастығын да бағалайды. Айта кеткен жөн, әдетте жұрттың бәрі бірдей шағаланы ұната бермейді. Өйткені дауысы жағымсыз. Оның үстіне су жағасында жүрген адамдардың тамағын ұрлайтын әдеті бар. Ал чемпионатты өткізудегі мақсат — тұрғындар арасында құстарға деген құрметті, жанашырлықты арттыру дейді ұйымдастырушылар. Өйткені шағала да экожүйенің маңызды бір бөлігі. Айта кетерлігі, бұл жолғы сайыста бірінші орынды Даниядан келген қатысушы алды.