Ұлттық кітап күні – рухани байлықтың мерекесі

0
58

23 сәуір– Ұлттық кітап күні. Бұл күн – адамзаттың ең асыл қазыналарының бірі – кітапқа деген құрметті арттырып, оқырман мен кітап арасындағы алтын көпірді нығайтатын маңызды мереке. Бұл күн-әлем бойынша ЮНЕСКО-ның бастамасымен Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні ретінде де аталып өтеді.

Кітап – тек білім мен ақпараттың көзі ғана емес, ұлттың тарихы, мәдениеті мен рухани дүниесінің айнасы. Ата-бабамыздан қалған асыл сөз, шежіре, өнеге мен өсиет – бәрі де кітаптар арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Сондықтан да «Кітап – білім бұлағы» деп бекер айтылмаған.

Ұлттық кітап күнінің мақсаты – қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру, жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын ояту, рухани құндылықтарды дәріптеу. Бұл күні кітапханаларда түрлі әдеби кештер, көрмелер, кітап жәрмеңкелері, ақын-жазушылармен кездесулер ұйымдастырылып, оқырмандарға ерекше рухани әсер сыйлайды.

Бүгінгі таңда технология дамып, ақпараттық құралдар көбейсе де, кітаптың маңызы кеміген жоқ. Қағазға басылған парақтың иісі, әр сөйлемнің астарында жатқан ой тереңдігі – тек кітаптан ғана табылады.

Ұлттық кітап күні – барша оқырман үшін ерекше күн. Бұл күн кітапты сүйетін, рухани дамуға ұмтылатын әрбір жанды біріктіретін,  сәуіпой мен сөздің, білім мен парасаттың мерекесі.


ПІКІР ЖАЗУ