«Нашақорлық — қауіпті індет, алдын алу — міндет!» Қосшы қаласының жастарымен кездесу өтті

0
17

Қосшы қаласында орналасқан қоғамдық мәдени спорт кешені ғимаратында «Нашақорлыққауіпті індет, алдын алу міндетдеп аталатын ТEDx форматындағы жастармен кездесу өтті деп хабарлайды democracy.kz ақпараттық порталы.

Аталған кездесуге «Қазақстан медицина жастары» республикалық қоғамдық бірлестігініңтөрағасы, жас хирург Абылайхан Әбдіраш, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы директоры Бейсенбаев Олжас Түсіпбекұлы, «Esbol Qory» төрағасы, ҚР Президенті жанындағы жастаржастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі АқтаевЖандос Берікұлы, профориентолог, PhD кандидат, «Dauletten» қайырымдылық қорының президенті Қуандық Жасұлан Бостандықұлы, ҚазақстанСтуденттері Альянсының төрағасы Наукен ҰланАманқазыұлы, Ақмола облысы «Жастар-ресурстықорталығы» МКМ басшысы Ермеков ДастанАмангелдіұлы және жергілікті прокуратура, полиция өкілдері қатысты.

Кездесуде спикерлер жастарға арналған бағдарламалар, жастар арасындағы әлеуметтік мәселелер мен қоғамдық белсенділік туралы сөз қозғады.

«Іс-шараға Қосшы қаласының 60-қа жуық белсенді жастары қатысты. Кездесуде нашақорлық қоғам дерті, нашақорлықпен күресуге жалғыз адамның шамасы келмейтіні, бұл жерде заң сақшылары, нарколог мамандар, ата-аналар және әрбір еліміздің азаматы шетте қалмау керектігі жөнінде айтылды. Ғасыр дертімен күресу керек екендігі түсіндірілді. Дүниедегі ең қымбат нәрсе ол адамның өз өмірі, сол өмір әркімнің өз қолында деген кеңестер берілді.

Қаламызда есірткіге тәуелді жастар тіркелмеген. Бұл жақсы жаңалық. Дегенмен жастар арасында профилактикалық жұмыстар жүргізіліп тұрады» — дейді ұйымдастырушылар тарапы атынан қалалық ЖРО директоры Мөлдір Дүйсембаева.

Сондай-ақ, қазіргі таңда мектеп оқушылары арасында ең ауқымды тақырып «Мамандық таңдаудағы негізгі қадамдар мен кәсіптік бағдар» туралы тақырыптар қозғалып, қатысуышлар тарапынан қойылған сұрақтарға сапалы жауаптар айтылды.

Кездесу соңында, Қосшы қаласының белсенді волонтерлері Ақмола облыстық жастар-ресурстық орталығының басшысы Дастан Амангелдіұлының атынан алғыс хатпен марапатталды.


ПІКІР ЖАЗУ