Жойқын қасқыр қайта тірілді

0
36

АҚШ-та ғалымдар 12 мың жылдан астам уақыт бұрын жойылып кеткен жойқын қасқыр (dire wolf) деп аталатын жыртқыш түрін қайта тірілтті деп жазады democracy.kz тілшісі әлеуметтік желіге салынған ulyslive видеосына сілтеме жасап.

«Жойқын қасқырды » қайта тірілту жобасын Даллас -қаласындағы Colossal Biosciences биотехнологиялық компаниясы іске асырған. АҚШ- тағы бірнеше музейлермен бірлесіп, жойылып кеткен жыртқыштардың ДНК-сы сақталған үлгілерін іздестірген. Соның нәтижесінде, Айдахо штатынан шамамен 72 мың жыл бұрынғы қасқырдың бас сүйегі, ал Огайодан 13 мың жылдық тіс табылған.
Компания өкілі, доктор Бет Шапироның айтуынша, жойқын қасқырдың бейнесін қалпына келтіру үшін ғалымдар сұр қасқырдың жасушасын алып, оның геномына 20 түрлі өзгеріс енгізген. Бұл ретте жыртқыштың басты ерекшеліктері дене бітімі, күшті бұлшық еті мен ақ түсті жүн жабыны — басты назарға алынған.

Кейін өзгертілген жасушалар үй иттерінің жұмыртқа жасушасына енгізіліп, ірі тазы тұқымдас иттер суррогат ана ретінде пайдаланылған. Соның нәтижесінде үш бірдей күшіктен тұратын лютоволк төлі дүниеге келді. Екі еркек төбетке Рим қаласының негізін қалаған, қасқыр асыраған бауырлар — Ромул мен Рем есімдері берілді. Ал екі айлық ұрғашысы «Тақтар ойыны» телехикаясындағы кейіпкердің құрметіне Кхалиси деп аталған.


ПІКІР ЖАЗУ