8 Наурызда қыз-келіншектерге не сыйлауға болады?

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды
8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні, бұл мереке аналарға, әпке-қарындастарға, құрбыларға, әріптестерге, сүйіктілерге көңіл бөліп, оларға алғыс айту үшін тамаша мүмкіндік. Дегенмен, кейде «Не сыйласам екен?» деген сұрақ туындайды. Осы орайда біз сіздерге ең жақсы сыйлық идеяларын және қызықты лайфхактарды ұсынамыз.
Бірінші кезекте классикалық сыйлықтар. Бұл санатқа кез келген әйелге ұнайтын, ешқашан ескірмейтін сыйлықтар жатады олар
Гүл шоқтары – раушан, қызғалдақ, лалагүл, орхидея сияқты гүлдер әйелдердің көпшілігіне ұнайды.
Косметика мен парфюм – сүйікті иіссуын немесе сапалы косметика таңдап беруге болады.
Зергерлік бұйымдар – сырға, алқа, білезік немесе сақина әрқашан бағалы сыйлық болып саналады.
Шоколад пен тәттілер – ерекше дизайндағы шоколад жиынтығы немесе сүйікті кәмпиттері қуаныш сыйлайды.
Екінші кезекте трендтегі ерекше сыйлықтар. Қазіргі уақытта қыз-келіншектерге арналған ерекше әрі пайдалы сыйлықтар трендте
Жеке суреті бар сыйлықтар – фотосы бар жастық, торт, кружка немесе телефон қапшығы.
Сертификаттар – массаж, косметикалық процедуралар, дүкен немесе SPA-орталыққа сертификаттар.
Гаджеттер мен аксессуарлар – сымсыз құлаққап, ақылды сағат, телефонға арналған аксессуарлар.
Жазылымдар – фитнес клубқа, онлайн-курстарға немесе сүйікті сервиске (Netflix, Spotify, Storytel) жазылу.
Сондай-ақ, өзін-өзі дамытуға арналған сыйлықтар. Көптеген әйелдер жаңа нәрселерді үйренуді ұнатады, сондықтан:
Кітаптар – оның қызығушылығына сай кітап (мотивация, психология, роман, аспаздық).
Шеберлік сабақтары – сурет салу, би, аспаздық немесе басқа да қызықты курстарға жазылу.
Дневник немесе жоспарлау күнделігі – уақытты дұрыс ұйымдастыруға көмектесетін пайдалы құрал.
Қолмен жасалған сыйлықтар үнемі ерекше әсер қалдырады. Егер осындай сыйлықтаржазағыңыз келсе бізден сіздерге лайфхактар.»100 себеп» банкі – әйнек банкіге қағазға жазылған 100 жылы сөз, мақтау немесе алғыс жазып салыңыз.Жеке купондар – мысалы, «Бір күн бойы қалағаныңды орындаймын», «Үй жинауға көмектесемін», «Саған кешкі ас әзірлеймін» сияқты купондар жасап беріңіз.Фотоколлаж немесе видео – бірге түскен суреттеріңізден ерекше естелік жасау.Қолмен жасалған сабын немесе косметика – табиғи майлармен өзіңіз сабын, скраб немесе ерін бальзамын жасап көріңіз.Кейде ең жақсы сыйлық – естен кетпес эмоциялар. Сезімге әсер ететін ерекше сыйлықтар тізбегінде қабыл алыңыз.
Саяхат немесе демалыс – табиғат аясында пикник, қала ішіндегі SPA-демалыс, кино немесе мейрамханаға бару.
Құпиялы квест немесе тосынсый – квест бөлмесіне жазылу немесе үйде кішкентай ойын ұйымдастыру.
Флешмоб немесе тосынсый-видео – достарыңызбен бірге құттықтау флешмоб жасап, оны видеоға түсіріп беріңіз.
8 Наурызда бастысы – сыйлық емес, сіздің көңіл бөлгеніңіз. Әйелдер мерекесінде анаңызға, әпкеңізге, құрбыңызға немесе әріптесіңізге шын жүректен алғыс айтып, жылы лебіз білдіру маңызды. Қандай сыйлық таңдасаңыз да, оны ерекше ықыласпен ұсынсаңыз, ең керемет сый болады!
Дайындаған: Балнұр ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ