АҚШ-та Деми Мур киноактерлер марапаттау кешінде үздік атанды

0
72

АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында киноактерлер бірлестігінің марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды democracy.kz ақпараттық порталы  24kz-ке сілтеме жасап.

Осымен 31-ші рет ұйымдастырылған іс-шарада үздік актерлік ансамбль номинациясы бойынша «Конклав» саяси драмасы жеңімпаз атанды. Туындыда Рим папасын сайлау мен Ватикандағы шиеленіс туралы баяндалады. Ал үздік әйел рөлі марапаты «Субстанция» фильмінде ойнаған Деми Мурға бұйырды. Ерлер арасында Тимоти Шаламе үздік деп танылды. Айта кетейік, киноактерлер бірлестігінің марапаты «Оскар» иегерлерін анықтауда негізгі рөл атқарады.


ПІКІР ЖАЗУ