Қарлығаш Бәкенқызының 80 жасқа толған мерейтойына арналған «Бенефис шоу» өтті

0
9

15 қазан Астанада ҚР мәдениет және өнер саласының үздігі, журналистер одағының мүшесі, телерадио саласының ардагері, әрі «Есіл толқындары» халықтық ансамблінің режиссері Қарлығаш Бәкенқызының 80 жасқа толған мерейтойына арналған «Бенефис шоу» шығармашылық кеші өтті деп хабарлайды democracy.kz ақпараттық порталы.

Бұл шара тұлғаның мәдениетке қосқан зор үлесін дәріптеуге және оның өнер жолындағы еңбегін көпшілікке таныстыруға арналды.Кеш барысында Қарлығаш Бәкенқызының телерадио саласындағы және режиссерлік қызметіндегі жетістіктері атап өтілді. Шараны тамашалаған көрермен оның шығармашылық жолының айшықты сәттері туралы баяндалған арнайы қойылымдарымен «Есіл толқындары» ансамблінің өнерін тамашалды.

«Есіл толқындары» халықтық ансамблінің мүшесі Раушан Ғазизқызы:

«Осы ансамбльге келгеніме 2 жылдан артық уақыт болды. Келген күннен бастап Қарлығаш Бәкеқызына қарап, зейнет жасына келсек те, бірталай нәрсені үйреніп жүрміз. Бәріміз бұл жерде зейнеткерлерміз. Ансамбльіміз 5 жылдың ішінде «Халықтық
ансамбль» атағын алды. Осы ортаға түскеніме сондай қуаныштымын. Осындай жасқа келгенде осындай істерменен айналысып, бала шағаларының алдында осы жасымызда жарқылдап, өнерімізді көрсетіп, жас кезімізде ойламаған істерімізге барып, жастарға үлгі болып, өнеге болып жүргенімізге, осы ансамбльге кіріп оның бір мүшесі болғаныма сондай қуаныштымын! Бұл жерде Қарлығаш апайдың барлық қырын көрсете алмасақта, кейбір жақтарды көрсеткіміз келді. Ол кісінің әншілігі,режиссерлығы, жақсы актрисалық жақтары да, қарап отырсаңыздар өте сондай керемет, тамаша! Сонымен қатар ол кісінің ансамбльдің арасында қарапайымдылығы, әділдігі оның кәдімгідей талап қоя білетіндігі және мысалы кез келген адамның көңілін тауып оның қырын көріп, ашып сол жағын көрсете білетін көрегенділігі бар. Міне осындай жақтарына өте разымын!» -дейді.

Шараға жиналғандар көтеріңкі көңіл күйде Қарлығаш ханымның өнерің тамсана тыңдады. Тіпті басқа қаладан арнайы келгендері бар. Қарлығаш Бәкенқызы өз сөзінде кешті ұйымдастырған барша қауымға алғысын білдірді:

«Бұл бенефис шоу Есіл ауданының орталығында бірінші рет өтіп тұр. Мені қолдаушыларға, осыған ат салысқандарға шын жүрегімнен алғыс айтамын. Өте керемет толқып тұрмын қазір… Шығармашылық адамдарда 80 жылда есте қалатын
нәрсе өте көп болады. Телевидения, радио, газет дегендердің барлығы менің бағымды ашқан. Менің ең керемет, аяулы ортам солар – Журналистер! Жастарға айтарым, жастар ерінбесін, үйренсін! Өнерді үйренсін, оқысын, білімді болсын! Ұмтылсын алдыға қарай! Міне, 80-ге келдік қартайғымыз келмейді. Жастарға менің жасымды берсін! Жастар қазір бәрі білімді, талапты күшті ғой енді. Бақтары жансын, жолдары ашық болсын!», – деп өз сөзін қортылады.

Шара соңында отандық мәдениет пен өнер қайраткерлері, әріптестері, 0шәкірттері сөз сөйлеп, Қарлығаш Бәкенқызының шексіз еңбегіне алғыс айтып, сыйлықтарын тарту етті.


ПІКІР ЖАЗУ