Абай облысының жаңа әкімі тағайындалды
Тағайындауға дейін ол Аягөз ауданының әкімі болған.
Абай облысының жаңа әкімі тағайындалды, деп хабарлайды Democracy.kz ақпараттық порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Әділбай Қанат Серікқанұлы 1972 жылы 14 желтоқсанда Аягөз қаласында дүниеге келген.
1990-1996 жылдары Семей мемлекеттік университетін (бұрынғы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет) АӨК салаларындағы экономика және басқару мамандығы бойынша бітірген, инженер-экономист. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 1996 жылы Семей қаласы бойынша Салық инспекциясында заңды тұлғаларға салық салу бөлімінің 1-санатты маманы болып бастады. 1998-2000 жылдары Семей қаласы бойынша салық инспекциясында салық аудиті бөлімінің инспекторы, 2000-2001 жылдары Семей қаласы бойынша Салық комитетінің заңды тұлғалардың аудиті бөлімінің жетекші салық инспекторы. 2001 жылы Семей қаласы бойынша Салық комитетінің заңды тұлғалардың аудиті бөлімінің бас салық инспекторы.
2001-2002 жылдары Семей қаласы бойынша Салық комитетінің заңды тұлғалардың аудиті бөлімінің сектор басшысы.
2002-2003 жылдары Семей қаласы бойынша Салық комитетінің кіші және орта кәсіпкерліктің тексеру бөлімінің бастығы. 2003-2006 жылдары Семей қаласы бойынша Салық комитетінің заңды тұлғалардың аудиті бөлімінің бастығы. 2006-2007 жылдары Семей қаласы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары. 2007-2008 жылдары Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Салық Комитетінің Семей қаласы бойынша Салық Комитетінің төрағасы.
2008-2016 жылдың Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Салық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Салық департаментінің Семей қаласы бойынша Салық басқармасының басшысы. 2017 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Алматы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, камералдық бақылау бөлімінің жетекші маманы. 2017 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті салықтық бақылау департаменті салықтық аудит басқармасының сарапшысы. 2017-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, Адам ресурстары басқармасының басшысы орынбасарының міндетін атқарушы.
2018-2019 жылдары ҚР ҚМ МКК Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары. 2019-2021 жылдары Семей қаласы әкімінің бюджетті қалыптастыру және атқару, несие және кеден саясаты, банк мекемелері, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, ветеринария, өнеркәсіп, кәсіпкерлік, байланыс, туризм және сауда, еңбек жөніндегі инспекция және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі орынбасары.
2023 жылдың қаңтары мен ақпаны «АКМ Стройсервис» ЖШС директоры. 2023 жылдың наурызынан қыркүйегіне дейін Абай облыстық мәслихатының экономика және қаржы, кәсіпкерлік қызметті дамыту саласындағы тұрақты комиссиясының төрағасы.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынған.