«Халал тойда 100 долларды инемен іліп кетеді» дейді асаба
Танымал тамада Рауан оңтүстік өңірде өтетін кейбір той түрлері туралы айтып берді деп жазады Democracy.kz.
Ол өзінің Ираннан көшіп келген қазақтардың тойын басқарғанын және олардың салт дәстүрлері өзгеше екендігін айтты.
Сарыағашта болған той туралы асаба таңданысын жасыра алмады. Оның айтуынша ол мұндай тойды алғаш рет көруі екен. Ерлері мен әйелдер екі жақта бөлек отырады, тойда тілек айтылмайды, ойынға әйелдер шықпайды дейді.
“Биді шешен халқы ұқсап бір сағат тоқтамай билей берді екен. Соңында, үйленіп жатқан жастардың мойнына ұзын лента тағып, тойға келген әрбір қонақ 100 долларды инемен іліп кете береді екен. Оның өзі жарты сағаттан асып кетті, одан кейін қызыдың кезегі келеді екен, оған үлкен-үлкен алтын тағылады екен.
Содан соң, мен кете берейін дедім де тілегімді айтып шығып кеттім. Ал, олар ары қарай, салт жоралғыларын өздері жасайтын болып шешті” дейді асаба.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.