Әлия Назарбаеваның ажырасқаны рас па?
Әлеуметтік желіде Әлия Назарбаева ресми түрде күйеуімен ажырасып кеткені туралы ақпарат пайда болды, — деп хабарлайды Democracy.kz ақпараттық порталы Massaget.kz -ке сілтеме жасап.
Назарбаеваның ажырасқаны жөнінде не белгілі?
Nege.Aqsha арнасына экс-президенттің кенже қызы Әлия Назарбаева күйеуі Димаш Досановпен соттасқаны туралы ресми мәлімет түскен. Досанов Қаңтар оқиғасына дейін «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры қызметін атқарды. БАҚ-та оның бұл қызметке Назарбаеваға үйленгеннен кейін көп ұзамай тағайындалғаны айтылады.
«Ерлі-зайыпты ажырасып, Досанов бұрынғы әйеліне кетті деген қауесет былтыр пайда болды. Дереккөздеріміздің мәліметтері бойынша ерлі-зайыпты ажырасуға және ортақ балаларының тұрғылықты жерін анықтауға өтініш берді. Сот шешімі 2024 жылы қарашада заңды күшіне енді. БАҚ мәліметінше, Әлия Назарбаева үш рет тұрмыста болған», — деп жазды арна.
Әлияның бұрынғы күйеуі Досанов кім?
Димаш Досанова — 1981 жылы Алматыда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тәмамдаған. Вашингтон қаласындағы (АҚШ) Джорджтаун университетінің іскерлік әкімшілік магистрі (MBA) дәрежесін алған. Қазақ, орыс, ағылшын және италиян тілдерін меңгерген.
Димаш Досанов 2002 жылы Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппараты жанындағы шағын және орта бизнесті дамыту ассоциацияның менеджері болды.
2004 жылы ҚР Индустрия және сауда министрлігі инновациялық саясат және жаңа технологияларды дамыту департаментінің жаңа технологиялар бөлімінің жетекші маманы болып жұмыс істеді. 2004-2006 жылдар аралығында «БӨ «ҚазМұнайГаз» АҚ-да әкімшілік департаментінің маманы, бас маманы, бас директорының көмекшісі,ақпараттық технологиялар департаментінің бас инженері, технологиялық процестерді автоматтандыру жүйесін басқару департаментінің бас инженері сияқты түрлі қызмет атқарған. 2006-2010 жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ қазақстандық қамтуды дамыту департаменті бастығының орынбасары болды.
2010-2014 жылдары NCOC бас менеджердің сервис жөніндегі орынбасары, сервис жөніндегі бас менеджері қызметін атқарды. 2014 жыл 2016 жылғы қаңтар аралығында «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС-ның бас директоры лауазымын атқарды. 2016 жылғы 15 қаңтарда «ҚазТрансОйл» АҚ Басқарма мүшесі болып сайланды.
Әлия Назарбаева сұхбаттарының бірінде Димаш Досановпен таныстығы туралы айтқан.
«Алғаш кездескенде мені мүлдем ұнатпайтындай көрінді. Ол мені ерке ханшайым деп қабылдаған секілді, маған тесіліп қарағаны сонша — зығырымды шығарды», — деді Назарбаева.
Оның сөзінше, екінші кездесуде Досановпен әңгімелескен.
«Тәрбиелі жан екенінен бөлек, Димаш — өте білімді азамат. Америкада, Италияда білім алған. Бірнеше тіл біледі. Мансап жолын төменнен бастағаны, «ҚазМұнайГаз» компаниясында жұмыс істегені ұнайды. Ешкімнің көмегінсіз департамент директоры лауазымына дейін көтерілді. Онымен бірге уақыт өткізген сондай жайлы әрі қызық. Оның отбасылық дәстүрлерді, әйелді, қарттарды құрметтейтінін қатты бағалаймын. Балаларға жақсы қарайды», — деді ол.
Ерлі-зайыптының ортақ некеден екі баласы бар.
Назарбаеваның бұрынғы күйеулері кімдер?
Әлия Назарбаева 18 жасында Қырғызстанның экс-президенті Асқар Ақаевтың ұлы Айдар Ақаевқа тұрмысқа шыққан. Олар үш жыл бірге тұрып, 2001 жылы екіге кеткен. Ал Айдар Ақаев 2020 жылы қайтыс болды.
Ашық ақпараттарда оның екінші күйеуі Данияр Хасенов екені айтылады. Ол — банк қызметкері, футболшы. Назарбаевамен ортақ некеден қызы бар.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.