Перизат Қайраттың қайырымдылыққа жиналған қаражатқа сатып алған барлық мүлкі тәркіленді
Қайырымдылық қорының тең құрылтайшысы және басшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеу жалғастырып жатыр, деп Democracy.kz ақпараттық порталы хабарлайды Azattyq Rýhy -на сілтеме жасап.
Еске салайық, ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету үшін, сондай-ақ Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету мақсатында жиналған 1,7 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деп күдікке ілінген.
Соттың санкциясымен қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған Астана қаласындағы «Akbulak Riviera», «Highvill Ishim Gold», «Көк Жайлау» (тұрақ орындарын қоса алғанда), «Sensata Plaza» ТК, сондай-ақ «Vela Village» коттедж қалашығындағы элиталық жылжымайтын мүлік, Mercedes-Benz S450, Mercedes-Benz EQE 500, Lexus LX-600, Haval автомобильдері тәркіленді.
«Перизат Қайраттың тұрғылықты жерін тінту барысында қайырымдылыққа жиналған қаражатқа сатып алған қымбат техника, Cartier, Graff, Rolex, Bulgari, Gucci, Louis Vuitton, Versace, Chopard, Hermes, Dolce & Gabbana, Prada сияқты танымал әлемдік брендтердің киім, аяқ киім, зергерлік бұйымдар, сөмкелері табылып, тәркіленді», — делінген хабарламада.
Тәркіленген мүлік заттай дәлелдемелер ретінде танылып, іс материалдарына қосылды. тергеу жалғасып жатыр.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.