Мұғалімдер қай бастарыңызбен ойлайсыздар…

0
19

Тик ток әлеуметтік екі ұлдың әкесі мұғалімдерге өз наразылығын білдірді. Мектеп оқитын балаларынан ұстаздарының ақша жината бергеніне шағымданған әке видео хабарлама жасаған, деп жазады Democracy.kz.

“Мектептегі сынып жетекшілер сіздер неге болатында, болмайтында затқа ақша жината бересіздер? Екінші сынып оқитын балам қателеспесем үш жарысқа қатысты, 1500 теңге әкелсін, не үшін десең грамотаға,  тағы біреуінде 2000 теңге не үшін десең тағы грамотаға дейді. Өткенде біз хор айтайын деп жатырмыз, апайлар 4000 теңге жинап жатыр дейді. Ал, оның сыныбында отыз оқушы, оның әрқайсысына төрт мың теңгеден шаққанда қаншадан келеді.”

“Сіздер мына мимен ойлаңыздаршы.Білім министірлігі жылдың басында айтқан еді ешқандай мектеп, ешқандай ұстаз оқушылардан ақша жинауға құқығы жоқ деп. Сол сөз әшейін жайында қалдығой. Сіздер ойлайсыздар ма осы баллардың барлығы байдың балалары деп. Бір үйде төрт бала бар мектеп оқитын, біреудің үш баласы бар, біреудің екі баласы бар. Оның бәріне ай сайын 1500, 4000 теңгеден жинай берсе ол үйлің несі қалды”

“Жаңа Қазақстан деп жыртылып айтып жатырмызғой қайсы, балабақша, мектеп бәрі корупция. Сіздер уже кішкентай балаларға жетіңіздер ғой.”

Видео соңын баласының хор айтамыз деп жинаған ақшаны кіммен бөліскіңіз келді, деп баласының сынып жетекшісіне сұрақ қоюмен аяқтаған.

Дайындаған Балнұр ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ



ПІКІР ЖАЗУ