Ленара Баталова, Динара Сұлтан және Жұлдыз Өмірғали: олардың махаббаты бумерангты жеңе алды ма?

0
23

Оларды қарғап, «өзгенің бақытсыздығының үстіне бақыт құра алмайтынын» айтатындар аз болған жоқ. Алайда, бумеранг қайтып келмеді. Мүмкін, шынайы сезімдер оларды қиындықтардан қорғаған шығар?  Бүгінде «отбасыннан айырған»,‐ деп, атанған әншілер Ленара Баталова, Динара Сұлтан және Жұлдыз Өмірғали қалай өмір сүруде?

Ленара мен Райымбек БАТАЛОВТАР отбасы ортасында

Өзбекстанның Чирчик қаласында дүниеге келген, Ленара Әбибуллаева (қазіргі тегі Баталова) өмірі шынайы ертегіге ұқсайды. Ол заңгер болуды жоспарлап жүргенде, радио арқылы қыздар тобына кастинг туралы хабар естіп, Алматыдағы «Навигатор» клубында тыңдауға барады. Сол кезде Ленара отбасы мүшелерімен бірге, Қазақстанға көшіп келген еді және 10-сыныпта оқып жүрген. 15 жасар қызды тізімге енгізуден бас тартқандықтан, Ленара жасы үлкен екендігін айтып, өзін 17 жаста етіп көрсетеді.

Алайда, сахнаға шығып, ән сала бастағанда, продюсерлер Байғали СЕРКЕБАЕВ, Сағнай АБДУЛЛИН және Есетжан ҚОСУБАЕВ оған бірден «иә» дейді. Осылайша, Ленара отандық шоу-бизнесті дүр сілкіндірген «Рахат Лукум» тобының құрамына енеді. Топта Ленара ең көріктісі саналды.

Бір концерт кезінде оны жас, әрі танымал кәсіпкер, қоғам қайраткері Райымбек БАТАЛОВ байқап қалады. Ол кезде Ленара 17 жаста, ал Райымбек одан 14 жас үлкен еді. Оның үстіне, Райымбектің отбасылы екені және жұбайы Гүлмира БАТАЛОВАМЕН (киім өндірісі және сән саласының кәсіпкері) бірге екі баланы тәрбиелеп жатқаны белгілі болатын.

Бірақ, Райымбек пен Ленараның туған сезімдерін тоқтату мүмкін болмады. Әнші қыз сахнаны тастап, кәсіпкерге тұрмысқа шығады. Олар бірге төрт бала тәрбиелеп отыр. 23 жылға созылған некесі әлі күнге дейін берік. Ленараның Instagram парақшасы БАТАЛОВТАР отбасының үйлесімді өмірін көрсетеді. Қазіргі таңда ол отбасылық құндылықтарды насихаттаумен айналысып жүр.

Ленара, Райымбек және олардың балалары үлкен теннис, велоспорт, атқа міну және тау шаңғысы спортымен айналысады. Олар жиі яхталарда, экзотикалық аралдарда демалады, әлемнің басты қалаларындағы ең сәнді тағамдардан дәм татады.

Динара СҰЛТАН мен Ерлан ҚОЖАСБАЙ отбасымен

15 жасында Динара Сұлтан туған қаласы Атыраудан Алматыға музыкалық олимпи бағындыруға аттанады. Алғашында ол танымал вокал педагогы Лаки КЕСОГЛУДЫҢ сүйікті оқушыларының бірі болады, кейін SuperStar KZ-2006 жобасында өнер көрсетеді. Сондай-ақ ол «China Town» тобының жарқын жұлдызы ретінде танылып, Еркеш ШАКЕЕВТІҢ әндерін орындап, халықаралық байқауларға қатысқан.

Бүгінгі таңда Динара үшін ең басты жетістігі – отбасы: күйеуі мен алты баласы. Оның айтуынша, өнердің мәні жоқ, егер кешке үйге келгенде тек мысық қарсы алатын болса. Бірақ, бақытты қарым-қатынас бірден бола қойған жоқ: Динараның алғашқы некесі бір жарым жылға ғана созылып, одан бір қызы дүниеге келген.

Кейін, «Екі жұлдыз» бағдарламасында ол танымал спорт функционері әрі меценат Ерлан ҚОЖАСБАЙМЕН жұптасып өнер көрсетеді. Ерлан Динарадан 17 жас үлкен еді, сондықтан әнші оның өмірлік тәжірибесіне сенеді. Ерланның отбасылық қиындықтары бар екенін сезген Динара алғашында қарым-қатынас құру дұрыс емес деп ойлайды. Бірақ, Ерлан: «Сынған ыдысты жамап болмайды!» деп, ақыр соңында отбасынан кетеді.

14 жыл бойы бірге өмір сүрген Ерлан мен Динараның бес баласы бар. Сонымен қатар, Ерлан Динараның алғашқы некеден туған қызын да өз балларынан кем көрмейді .

– Біздің үйде үнемі шу мен күлкі бар. Балалармен бірге жүгіріп, секіріп жүремін! Ең бастысы, өзімнің ер адамымды бақытты еткеніме қуаныштымын: жұмыстан кейін күйеуімнің үйге асығып келетінін көремін, – дейді Динара.

Жұлдыз ӨМІРҒАЛИ мен Айқын ТӨЛЕПБЕРГЕН

11-сыныптан кейін, Aлматылық Жұлдыз Өмірғали актриса болуды армандап, танымал кино жұлдызы атанғысы келеді. Бірақ, тағдыр оны «КешYou» тобының кастингіне алып келеді, ол кастингтен сәтті өтеді. Шымкенттегі концерттердің бірінде Жұлдыз танымал әнші Айқын ТӨЛЕПБЕРГЕНМЕН бір дастарқанда отырып, танысады. Көп ұзамай Айқын Жұлдызды кездесуге шақырады.

Жас айырмашылығы мен Айқынның отбасылы болуы бұл қарым-қатынасқа кедергі бола алмады. Қоғамдық пікір бұл жұпты ұзақ уақыт қабылдамады.

– Әлі күнге дейін ауыр пікірлер жазатындар бар… Кейде бұрынғыдай адамдардың көзіне қараудан қорқамын, – дейді Жұлдыз, оның Айқынмен екі баласы бар.

Осы оқиғалар махаббат пен шынайылық қиындықтарды жеңе алатындығының тағы бір көрінісі екенін дәлелдейді.

 

Аударып дайындаған Балнұр ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ


ПІКІР ЖАЗУ