«Мерей — Албан руының қызы емес» деді әнші Мақпал

0
134

Танымал әнші Мақпал Жүнісова Мерейдің биологиялық ата-анасы бөлек екенін жасырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі журналист Дина Төлепбергенмен сұхбаттасып, 20 жыл бұрынғы оқиғаны бөлісті.

“Зәкең екеуміз қосылғаннан кейін, арамызда бала болмады. Сол жылы қатты күйзеліп жүрдік. Мен де шаршап кеттім. Зәкең де шындықты айтамын деп, біраз адамдармен ерегесіп қалды. Бір күні менің бауырым үшінші рет қыз туған келінімізді үйден қуып жібермек болыпты. Сол хабарды Зәкеңе айттым. “Құдай бізге бала бермей жатыр, мыналар берген баланы қабылдамай жатыр” деп. Ол кісі сол күні ұшып барып, “Мына қызды біз бауырымызға саламыз” деді. Мерей үйге қалай келді, солай өміріміз шуаққа айналды. Бауырымның баласы ауыр болған жоқ. Өзім туғандай бағып, өсірдім. Аппақ ешкі сатып алып, соның сүтін сауып бердік. Аулаға ешкі бағып, жағдайын жасаған да күндер болды”, – деді әнші.

Одан кейін марқұм саясаткер қызына шындықты 18 жасқа толғанда айтамыз деп уәде берген. Алайда ол күнге жетпеді.

“Ол шындықты не үшін айттым?! Қыз өсті. Оның үстіне Зәкең көзінің тірісінде «Мерей 18-ге келгенде өзім айтамын» деген. Сол кісінің аузынан шыққан сөз. Қыз 18-ге толды, мен айта алмадым. 19 жасында да айта алмадым. 20-ға жақындағанда айттым. Сол кезде ол жігіттермен кездесуге барады, танысады. Сосын келіп, руларын айта бастайды. Бір күні жігітіне “Албанмын” депті. Ол – өтірік қой. Арғынның қызы, қаракесек. Сол кезде шындықты айтуға бекіндім. Өз тегін, руын білсін деп ойладым. Ертең күйеуге шыққанда өтіріктен бастайды ма деген ойлар да кетті. Зәкең айтамын деген, енді өзім айтуым керек деп шештім. Содан кейін ана жақтағы балалар оған хабарласып мазалай бастады. Сол себепті маған шындықты айту керек болды», – халық әртісі.

Фото интернеттен алынды. 



ПІКІР ЖАЗУ