«Дариға апа, рұқсат бересіз бе?» деді көрермен актрисаға

0
19

Кешелі бері ТикТок әлеуметтік желісінlt әртіс Дариға Бадықоваға арнаған видеолар қаптады деп жазады Democrat.kz.

Жұртшылықтың жаппай видео түсіріп, әлеуметтік желіде жариялауына Дариға Бадықованың «Шетелдің «Моана» сынды мультфильмдеріне бармай, қазақтың киноларына барыңдар. Ақша шетелге кетпесін» деген үндеуі себеп болған-ды.

Алайда актрисаның бұл үндеуі аса қолдау таппады. «Өзінің киносына барсын деп отырған шығар. Біз саған міндетті емеспіз! Адам көретін, қызығатын кино түсірсе, мейлі ғой. Сценарийі бірдей арзан күлкіге құрылған, түкке алғысыз фильмдерің бізге қызық емес!» деген сарындағы видеолар тоқтар емес.

Енді біреулер «Дариға апа, қай киноға барсақ болады? Рұқсат беріңізші» деп кекетіп жатыр.

Мұнан бөлек, қазақ киносының соңғы уақытта саңырауқұлақтай қаптаған фильмдерін сын тезіне алғандар аз емес.

«Іліп аларлық мағынасы жоқ қаптаған қазақ фильмдеріне ешкімнің барғысы келмейді. Неге жұрт «Моана» сынды мультфильмге ағылып баруда? Себебі мультфильм болса да, «Моанада» терең мағына бар. Адамның өзін өзі тануына, түрлі сауалдарға жауап табуына сеп болатын шығарма. Ал қазақ фильмдерінде ше? Түк жоқ. Бос ойын-күлкі, орынсыз қалжың, бірдей сюжет», — дескен пікір иелері актрисаға «біз саған міндетті емеспіз» дейді.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды. 



ПІКІР ЖАЗУ