Доллар неге өсіп жатыр — белгілі экономист профессордың жауабы

0
211

Ел экономикамыздағы ұлттық валютаның құңсыздануына әкелген доллардың өсуіне қатысты белгілі сарапшы, экономика ғылымдарының докторы, профессор, академик Жангелді Шымшықов журналистерге берген жауабында ұлттық экономикамыздың жағдайы мен доллардың күрт өсуі жайына қатысты өз жауабын берді.

— Арман Қасенов мырза, тереңірек экономикалық теориядан ой түйсе, ақша теориясын толық меңгерген болса, осылай мәлімдеме жасауына негіз болмаған болар еді. Өйткені, ұлттық валюта толыққанды болуы үшін ұлттық экономика қуатты болуы керек. Егер, бүгін қай ұлттың валютасы үстемдік етіп жатыр десек, Америка доллары неге олардың жаңағы әскерінің керемет қуат болуларының күші емес олардың экономикасы біздің әлемдік жалпы өнімнің жартысына дейінгі деңгейін Америка шығарады ең қуатты экономика болғандықтан валютасы да тұрақты, валютасы да мықты. Енді, мысалы, Қытай Халық Республикасы бұрын юаньын ешқандай ешкім керекке жаратпайтын, енді осыдан үш- төрт жыл бұрын Қытай Халық Республикасы Жапондарды экономикасын қуып жетіп, екінші орынға шығып еді, енді юаньды конверттелетін валюта ретінде халықаралық қатынастарында қолдана бастады. Мысалы, Ресейдің өзінде сауда саттық Қытайдың юаньымен жүргізіліп жатыр. Сондықтанда, егер біз ұлттық валютамыз керемет тұрақты дейтін болсақ онда экономикамыз содай дәрежеде болуы керек. Қомақты өнім өндіретін экономика болу керек. Ал, біз шикі зат қана өндіретін тіпті аяқ астында қалып жатқан байлықтарды игере алмай жатқан экономиканы көре тұра оны ойбай ұлттық валютаның құнсыздануына еш негіз жоқ деу ол көр соқырлық деп аталды. Жалпы экономикалық сыртқы саудадағы экспорт не құрлым басым болса, әсіресе, халық тұтынатын тауарларды, дайын тауарларды сыртқа шығарсақ сонда, жаңадан қосылған құннан қаншама пайда табатын едік. Ал, оның орнына біз импортты ұлғайтып тіпті азық-түліктің 40% сатып алатын бұл экономиканы құрту деген сөз. Ал ұлттық экономика құрып бара жатса, қайдан ұлттық валюта көтеріледі тіпті қисынсыз әңгіме айтады екен жаңағы Арман Қасенов деген ол қай жақтан келген адам ол қай теорияны оқыды ол қай ақша теориясын, қай экономикалық қаржы теориясын оның мұрнына исі бармайды ғой тіпті жағдайға ондай мәлімдеме жасау үшін ондай қисынсыз әрекетке баруға тура келеді ғой.

Әлемдегі саяси геосаяси жағдай шиеленісінің әсері.
— Кез келген ұлттың осы шиеленіске сәл болсада қатынасы болса, әрине әсер етпей қоймайды. Ал, біз тікелей Ресейге жартылай отарланып отырған уақытта Ресей Украинада басқыншылық соғыс жүргізіп жатқан кезде әрине мынау кедендік стансияларға байланысты, кеденнен түсіп жатқан пайданың бұрынғыша қомақты көлемін Ресей алып жатыр ал, шын мәнісінде тауарлар біздің шекарадан өтіп жатыр. Ендеше осы жерден біз екінші жыл ойсырата ұтылып жатып, біздің экономикамыз, ендеше теңгеміз ұлттық валютамызда ұтпайды деп тікелей тура ақиқат пен шындық мәлімдеме жасай аламын. Оны дәлелдеу керек болса дәлелдеймін. Содан кейін ақшаның бес қызметі болады. Ол егер толық қанды валюта боламын десе бес қызмет атқаруы керек. Ең негізгі қызметі құн өлшемі. Құнды өлшейтін. Бізде барлығы теңгемен құнды ешкім өлшемейді, барлығы доллормен өлшейді да содан кейін теңгеге аударады. Бірінші қызметін толық қанды орындамаған ақша ол ұлттық валюта бола алмайды. Бұл ең бірінші 1993 жылдан кеткен қате сол кезде, теңгені енгізгеннен кейін бірден доллорға тыйым салу керек еді. Ешқандай өлшем доллар мен емес барлық өлшем теңгемен жүру керек еді. Бізде тіпті нанның өзін 2005 жылға дейін сіріңкенің өзін әуелі доллармен содан кейін теңгеге аударып жүрді, сөйтіп бірінші қызметі атқарылмады. Екінші қызметі айналыс құралы сауда-саттықты қамтамасыз ететін. Бұл жерде тағыда айналып келгенде, егерде біз өзіміздің ішкі экономикамыз ең болмаса өз қажеттелігімізді тұтыну жағынан қанағаттандыратын болса, онда айналыс құралы ретінде теңге тамаша жүріп отыратын еді. Алайда, негізгі біздің тұтынатын тауарлар халықтың тұтынатын тауарларының жартысынан көбі шет елден келетін импорт. Ал, импорттың долларға сатып алынатындығы немесе басқа конверттелген ақшаларға оның ішінде тіпті Ресейдің юаньғада. Сондықтанда екінші қызметі орындалмай жатыр. Үшінші қызметі ол төлем құралы ретінде. Төлем құралы ретінде тек қана біз мына коммуналдық шығындарды өтеген кезде ғана қолданамыз. Ал, басқа төлем құралы ретінде бәрі бір долларды қолданамыз. Мінекей енді байлық әл-ауқат қорын жасау төртінші қызметі. Қазір кім өзінің байлығын теңгемен сақтап қаламын деп, қор жинаймын деп ұмтылады. Тағы да бұл қызметін ұлттық валюта орындай алмай отыр. Өйткені мұндай экономикалық қаржылық ақшалық саясат бізде жоқ, өйткені бізде ұлттық идеология жоқ. Жалпы ұлттық идеология болмаған жерде, ұлттық экономикада, ұлттық валютада барлығы бекер болады. Тек қана бізді қуыршақ мемлекет ретінде әнұранымыз, туымыз, елтаңбамыз ұсақ-түйек әңгіме рәміздер деген. Сондықтан да ал, енді, бесінші қызметі халықаралық ақша бұған біз әліде көтерілу үшін экономикаға дүмпу жасаумыз керек. Ал, экономика дүмпу жасау үшін әуелі ұрланған қаражатты қайтару керек. Бір триллионға дейінгі қаражат шет елде әр кімнің қолында кетіп қалып отыр. Сондықтан да, соны қайтарып алып экономикаға салу керек. Біз тіпті сүйенетін біздің өндіріс саласы ол ауыл шаруашылығы. Бірақ ауыл шаруашылығы бидай шығаратын емес, нан шығаратын кептірген нан-тоқаш шығаратын тағы басқа шығаратын дайын өнімдер шығаратын сондай дәрежеге келу керек. Ет, шикі ет сатқан адам оңбады, оны біз сосын колбаса ретінде не тушонка ретінде Ресейден сатып алып жатырмыз бұл деген масқара. Біз ешқашан шикі ет немесе мал сатпаумыз керек. Біз жаңағыдай ақтық өнім шұжықпа, бұқтырылған ет па, консервіленген, соны сатсақ сонда ғана бізде теңгенің күні туады. Бірақ бұның барлығын тағы да айналып келгенде экономика, ұлттық экономиканы көтеруге алып келеді.

Теңгенің ахуалы
— Алдағы уақытта теңгенің ахуалы қандай десең мүшкүл! Бірақ үмітсіз шайтан дейді ғой. Үміт бар егер Ресей Федерациясы мынау басқыншы соғысынан жеңіліс тауып ыдыра бастаса, сонда оның бізге деген мынадай екпіні, бізге деген отарлық қиянаты тоқтаса, сонда біз өзіміз Еуразиялық экономикалық одақтан мүлде шығып тәуелсіз экономикалық қаржылық, ақшалық саясат ұстанатын болсақ. Сонда ұлттық валютамыз да, ұлттық экономикамызда теңге жайнап шыға келері сөзсіз. Ол үшін біз осы жаңа отарлық саясаттан құтылуымыз керек. Бірақ, өкінішке орай, қазір біздің оған қуатымыз, оған ниетті басшылықтың жоқтың қасы, ендеше бар үмітіміз Украинаның жеңісі. Украина жеңсе онда мынау Путиннің режимі құласа, бытшыты шығып тарқаса, қалай Одақ ыдырады сол сияқты бұл империяда ыдырауы тиісті заңдылық. Талай империя тарихта қанша биіктеп көтерілсе де, неқұрлым жоғары көтерілсең соғұрлым құлауға ауырсынады деген сөз бар, сол сияқты соны күтеміз басқа амал жоқ.


ПІКІР ЖАЗУ