Украинадағы жағдай: Тоқаевтың тапсырмасынан кейін өткен шұғыл жиын

0
7

Премьер-министр Олжас Бектенов Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты министрлермен жедел кеңес өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

орғаныс, ішкі істер, төтенше жағдайлар, сыртқы істер, денсаулық сақтау, көлік, энергетика, өнеркәсіп және құрылыс, ұлттық экономика, қаржы министрліктерінің басшылығымен мемлекет басшысының негізгі әскери және азаматтық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдау туралы тапсырмаларын орындау жөнінде жедел кеңес өтті.

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов стратегиялық және инфрақұрылымдық объектілерді қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Бектенов оған мемлекеттік органдардың іс-қимылдарын күшейтуге бағытталған бірқатар міндеттер қойды.



Тұрақтылық пен қоғамдық тәртіпті сақтау, көлік қатынасының қауіпсіздігі, денсаулық сақтау объектілерінің қызметі туралы айтылды.

Уәкілетті құрылымдардың басшылығына президенттің қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларының орындалуын ерекше бақылауда ұстау және жағдайдың өзгеруі туралы шұғыл режимде баяндау тапсырылды.

Бұған дейін Тоқаев Украинадағы жағдайдың ушығуына байланысты қауіпсіздік шараларын қабылдауды тапсырған еді.

Фото:Премьер-министрдің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ