Балуанның әйеліде чемпион

0
5

Армения астанасы Ереванда күрес түрлерінен әскерилер арасында ұйымдастырылған әлем чемпионатында қазақстандық балуан Марина Седнева 55 кг дейінгі салмақ дәрежесінде белдесіп, қола медаль еншіледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Алматы облысының жоғары спорт мектебінің Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. Армения астанасы Ереванда өтіп жатқан әскерилер арасындағы әлем чемпионатында 55 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Марина Седнева қола медаль жеңіп алды. Ал бұл салмақта үндістандық балуан Жиоти Ети алтын медаль еншілесе, моңғолиялық Мунхболт Дулгуун қола медальді қанжығасына байлады. Марина Седнева жақында Таразда өткен ел кубогында чемпиондық атаққа қол жеткізген болатын. Сондай-ақ қазақстандық балуан Мейіржан Әшіров осы турнирде 70 кг дейінгі салмақта бақ сынап, әскерилер арасындағы әлем чемпионы атанған болатын. Айта кетейік, Марина Седнева мен Нұрқожа Қайпанов 2020 жылдың күзінде отау құрған. Қазіргі таңда олар бір ұл тәрбиелеп отыр. Нұрқожа Қайпановқазанда Албанияның астанасы Тиранада өткен әлем чемпионатында 70 кг дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды. Осылайша ол еркін күрестен әлем чемпионы атанған екінші қазақ балуаны ретінде өз есімін тарихта жазды.


ПІКІР ЖАЗУ