Боксшы Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы жекпе-жегке түсуден бас тартты

0
2

Орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 KO) Шираз Хамзамен (21-0, 17 KO) жекпе-жегі болмауына байланысты Бүкіләлемдік бокс ұйымына үндеу жолдады, деп хабарлайды Democracy.kz  Sport+ сайтына сілтеме жасап.

Әлімханұлы Шираздың промоутері Фрэнк Уорреннің промоутерлік саудадан бас тартуы туралы WBO жариялаған жазбаға жауап берді.

«WBO, маған элиталы деңгейдегі боксшы беріңіздер!», — деп талап етті «Қазақ стилі».

Сондай-ақ спортшы Instagram әлеуметтік желісінде жұдырықтасудан бас тартқан қарсыласына қатысты пост жариялады.

«Қарсыластардың қорыққаны жақсы ғой, бірақ қашқаны біраз жоспарды құртып жіберді. Бұл оқиғалардың бәрі Қазақ стилінің тарихындағы елеулі сәттер! Біз тоқтамаймыз! 2 титул қолда, 2 титул жолда! Жорық жалғаса береді!», — деп жазды ол.


ПІКІР ЖАЗУ