Дина Төлепберген күйзеліске түскен оқырмандарына өлең жолдарын арнады

0
7

Қазақстандық танымал тележүргізуші Дина Төлепберген желіде жаңа видео жариялап, күйзелісте жүрген оқырмандарына үндеу жасады. БАҚ өкілі оларға қолдау білдіріп, өлең жолдарын арнаған, деп хабарлайды democracy.kz  kaz.nur.kz сілтеме жасап.

Дина Төлепберген күйбең тіршіліктен күйзеліске түскен жандарға Instagram-дағы парақшасы арқылы үндеу жасаған. Тележүргізуші әсерлі өлең шумақтарын оқып, оларды жігерлендірмек болған. «Біреу мені келеді жылатқысы. Біреу мені келеді құлатқысы. Поэзия оқымағаныма біраз болыпты. Сөз сүйектен өтеді деген осы-ау. Ішіміздегі алай-дүлейді, алтарыс-бұлтарысты өлең арқылы тарқатсаң, жаның рахат таппақ. Иә, бұл өлең жаны жай таппай, күйбең тіршіліктен күйзеліске түскен оқырмандарыма арналсын», — деп жазды Дина Төлепберген.


ПІКІР ЖАЗУ