Оқушылар мен студенттер қашықтан білім алуға көшті
Қостанайда көктайғаққа байланысты мектептер онлайн оқытуға көшірілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
«Ауа райына байланысты 21 қарашада Қостанай қаласының мектептерінде бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқытуға ауыстырылады», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ колледждің бірінші ауысымдағы 1-2-курс студенттері де қашықтан оқытуға көшірілді, 3-4-курс студенттерін қашықтан оқыту туралы шешімді директор өзі қабылдайды.
фото көрнекілік үшін интернеттен алынған