Қарағандыда үш жүк көлігі соқтығысып, бір адам қайтыс болды
SHACMAN маркалы және екі «Volvo» жүк көліктері соқтығысқан.
20 қарашада Алматы – Екатеринбург автожолының 1063 шақырымында үш көлігінің қатысуымен жантүршігерлік жол апаты орын алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жергілікті полиция департаментінің дерегіне сүйенсек, жүргізушілердің бірі оқиға орнында көз жұмды, екіншісі медициналық мекемеге жеткізілді.
Факт Қарағанды облысының полициясында тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады.
фото көрнекілік үшін интернеттен алынды