«AQMOLA POWER» инновациялық идеялар мен жобалардың байқауы өтті

0
49

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ, жыл сайынғы жастар, студенттер, жас ғалымдар мен кәсіпкерлер арасында «AQMOLA POWER» инновациялық идеялар мен жобалардың аймақтық байқауын өткізді.

Іс-шараның мақсаты – жастардың шығармашылық, білім беру және әлеуметтік бастамаларын дамыту және қолдау, жас адам тұлғасын дамыту, жастардың жобалық-зерттеу және ғылыми жұмысқа қатысуын ынталандыру, Мемлекеттің үдемелі индустриялық – инновациялық дамуы бойынша мемлекеттік саясаттың басымдықтарын іске асыру мақсатында экономиканың түрлі салаларында инновациялық технологияларды әзірлеу және енгізу.

Байқау материалдарын қабылдау, жүйелеу және жобалардың презентациясы сияқты екі кезеңнен тұрды.

Аталмыш байқауда келесі көрсетілген ғылыми-негізделген жобалар ұсынылады: 1.       Робототехника бағыты; 2.   «ІТ» саласы; 3. Экология және табиғатты пайдалану саласындағы бастамалар.

Байқауға қатысуға жастар, мектеп оқушылары сондай-ақ, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, жоғары оқу орындарының студенттері, жастар қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, жас оқытушылар, жас ғалымдар мен кәсіпкерлер жіберіледі. Сондай-ақ, байқауға 5 адамнан аспайтын идея авторларының топтары қатыса алды. Байқауға қатысушылардың жас ерекшелігі 14-пен 35 жас аралығына дейін.

«Атап өтсек, аталмыш шараны жыл сайын ұйымдастырып отырамыз. Жастар арасында түрлі бағытты қамтитын жобалар еліміздің дамуына әсерін тигізеріне кәміл сенемін. Байқауға Ақмола облысының жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан жалпы саны 70 жуық жоба ұсынылды. 90-нан астам қатысушылар қатысты. Әрбір қатысушы өз жобалары мен идеяларын жоғары деңгейде қорғап шықты. Әрқайсысыларына қатысқаны үшін сертификаттар табысталды. Ал жеңімпаздарды марапаттау рәсімі кейнгі уақытқа қалтырылды» — деді облыстық ЖРО басшысы.

Ұсынылған жобалардың арасында тек студенттер ғана емес, сонымен қатар жас педагогтар да қатысты. Мысалы, облыстық байқауға Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледжінің жас педагогтары да өз жобаларын ұсынып, қатысты.

«Біздің жобамыздың тақырыбы: Эко Асхана — атауы «Eco Green». Тұрақты тамақтану: экологиялық таза асхана концепциясы. Экоасхананың негізгі мақсаты — тұтынушыларға дәмді ғана емес, сонымен қатар пайдалы тағамдар ұсынып, эко ыдысты қолдану арқылы жауапты және саналы тұтынуды ынталандыру. Біз бұл жобаны дайындау барысында Канва бизнес моделін қолдандық. Егер өз аймағымызда эко асхана санын көбейтетін болсақ, қаламыздағы экологиялық мәселелердің азаюына себепші боламыз. Сонымен қатар, сапалы өмір сүру үшін  сау тамақтану ережесін қалыптастырамыз» — деді байқау қатысушысы, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледжінің биология пәні мұғалімі Жайна Минажова.

Байқау қорытындысы кезінде 3 бағыт бойынша үш жүлделі орын  анықталды. Барлық жеңімпаздарға дипломдар және ақшалай  сертификаттар табысталатын болады.


ПІКІР ЖАЗУ