Есірткіні жарнамалаған тұлға сотталды

0
44

Сарыарқа ауданының прокуратурасы есірткі және психотроптық заттарды заңсыз жарнамалау дерегі бойынша қылмыстық істі сотқа жолдады.

Кінәлі тұлға есірткі және психотроптық заттарды заңсыз жарнамалау мақсатында «Telegram» қосымшасынан есірткі жарнамасына сілтемелері бар QR-кодтарымен брошюраларды өзінің ұялы телефонына жүктеп, 53 данасын басып шығарып, оларды қала көшелерінде жабыстыруға шыққан.

Алайда, тыйым салынған заттарды жарнамалайтын брошюраларды жабыстыру кезінде ол полиция қызметкерлерімен ұсталды.

Тергеп-тексеру барысында кінәлі адамның есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды заңсыз жарнамалауға бағытталған пиғылын дәлелдеп, оның әрекетіне объективті құқықтық баға берілді.

Кінәлі тұлға 1 жыл бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Елорда прокуратурасы есірткі, психотроптық заттарды және сол тектестерді насихаттау және заңсыз жарнамалау 6 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соғатынын ескертеді.

Астана қаласының прокуратурасы


ПІКІР ЖАЗУ