АСТАНАДА «ҚАҺАРЛЫ ОРЛАНДО» ОПЕРАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТЕДІ

0
123

3 қазан Астанада Опера және балет театрында «Қаһарлы Орландо» операсының премьерасына арналған баспасөз жиыны өтті. Жиында қоюшы дирижер, маэстро – Абзал Мұхитдин, қоюшы режиссер – Алла Симонишвили, қоюшы сценограф – Манана Гуниа, Орландо партиясын орындаушы – Расул Жармағамбетов, жетекші солист – Татьяна Вицинская таныстырылым жасады.

«Қаһарлы Орландо» операсы барокко дәуірінен бастау алып, осы бағыт арқылы опера өнерінің қуатын көрсетеді. Спекталь жайында Астана Опера театрының солисі Расул Жармағамбетов:

«Орландоның рөлін, ойын, оброзын Алла Симонишвили өте жақсы таңдаған десем болады. Осы рөлді маған ұсынған кезде бастапқы уақытта қалай оброзды аша аламын деп ойландым. Кейін тарихын оқып, кейіпкерімен танысып шықтым. Содан кейін маған қоюшы режиссеріміз Алла бұл қойылым кезінде сен тек опера әншісі емессің, сен сондай-ақ драма-опера әртісі ретінде өзінді көрсетуін керек деп айтты. Бұл менің қызығушылығымды одан әрі арттырды. Орландоның рөлін аша келе, соңғы апталарда мен өзімді осы оброзда көре бастадым. Өйткені Орандо ол соғысқа қатысқан адам, ал соғысқа қатысқан адамның қайтып келгендегі өмірі бұрынғыдай болмайды. Себебі оның соғыста көретіні қатыгездік, қан… Орландоны жеткізген кезде мен ең алдымен ер азаматтың образын жеткізуге тырыстым. Сонымен қатар осы тұса қоса кетсем, Орландоның оброзы әр ер азаматтың ішінде бар деп ойлаймын. Ал оны қалай жеткізгенімді 4-5 қазанда көріп, өз пікірлеріңізді білдірерсіздер», — деді солист.

Ал жетекші солист Татьяна Вицинская бұл жайында: « Менің сомдайтын кейіпкерімнің ерекшелігі оның бойында қулық, айлакерлік болуы, сондай-ақ сиқыр жасай алуы. Менің іс тәжірибемде бұндай кейіпкер ешқашан болмаған, алғаш рет осындай рөлде өз бағымды сынап көрудемін. Сиқыршылықпен байланысты рөлге әртүрлі сиқырлы элементтенді қосу арқылы керекті атмосфераны жасадық. Бұл сол атмосфераны сезінуге көрерменге мүмкіндік береді», — дейді.

Осы тұста қоюшы дирижер, маэстро Абзал Мұхитдин: «Бұл қойылымның басты ерекшелігінің бірі оның костюмінде. Оны дайындауға ұзақ уақыт еңбек еттік. Қойылым мен осындай ерекше костюмдеріміз арқылы тек осы Астанадағы театрда ғана емес, басқа қалаларда, тіпті шетелге ұсынсақ керемет сахналық қойылым болатыны сөзсіз. Оған қоса біз осы қойылымның басқа қалаларда өтуіне келісім жасап жатырмыз».

Қазақстанда алғаш рет ұлы италиялық композитор Антонио Вавильдидің туындысының операсы халық назарына ұсынылады. Спектакль 4-5 қазанда «Астана Опера» сахнасында көрсетіледі. Қойылымда көрермен сиқыршының дуасы қалай қайтатынын және театр ұжымының жұмысының нәтижесін көре алады.

Назым МАЛИККЫЗЫ


ПІКІР ЖАЗУ