Кәсіпкерлердің бұзылған құқықтары қалпына келтірілді

0
42

Астана қаласының прокуратурасы әкімшілік істер бойынша сот тәжірибесіне талдау жасап, кәсіпкерлердің қызметіне заңсыз араласу фактілерін анықтады.

Мысалы, уәкілетті орган ЖШС-нің атына қосылған құн салығы бойынша салық заңнамасының бұзылуын жою туралы хабарлама жолдаған.

Серіктестік қажетті құжаттарын тіркей отырып, түсініктеме берген. Бұл қолданыстағы заңнамаға сәйкес хабарламаның орындалуын растайды.

Алайда, хабарлама орындалмаған деп танылып, шот-фактуралардың  жазылуына шектеу қойылып, ЖШС-нің қызметі тоқтатылған.

Талдау барысында осыған ұқсас 12 кәсіпкердің құқықтарының бұзылу фактілері анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде кәсіпкерлердің бұзылған құқықтары қалпына келтіріліп, кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқан кінәлі лауазымды тұлғалар 2 млн теңгеден артық айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Астана қаласының прокуратурасы


ПІКІР ЖАЗУ