Мемлекет мүддесін қорғау бойынша шаралар қабылданды
Сот үкімімен ЖШС басшысы салық төлеуден жалтарғаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
Сотталғанның кінәлі әрекеттерінен мемлекетке 242 млн теңгеден астам шығын келтірілді.
Қала прокуратурасы мемлекет мүддесі үшін азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен келтірілген залалды өтеуге жеткілікті болатын жылжымайтын мүлкі бар ЖШС-ға талап арыз берді.
Экономикалық соттың шешімімен қала прокуратурасының талабы қанағаттандырылып, заңды тұлғадан көрсетілген салық сомасы мемлекет пайдасына өндірілді.
Сот шешімі заңды күшіне енді.
Астана қаласының прокуратурасы