Мерейлі отбасылар ұлықталды
4 қыркүйек күні «Достық үйінде» Ақмола облысы Ішкі саясат басқарма бастауымен Қазақстандық отбасы күнін мерекелеу және «Мерейлі отбасы – 2024» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өткізілді.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы 2014 жылдан бастап өткізіледі. Конкурс адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің оң бейнесін насихаттауға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.
Ағымдағы жылы аудандық деңгейдің қорытындысы бойынша 100 — ге жуық өтінім берілді.
Ағымдағы жылдың 9 шілдесінде облыстық комиссия отырысының қорытындысы бойынша 7 жеңімпаз отбасы анықталды. Гран-при-Көңбай отбасы, Көкшетау қ., 1 орын – Аймахан отбасы, Бурабай ауданы, 2 орын – Сәдуақасовтар отбасы, Ақкөл ауданы, 3 орын – Ибадилдиновтар отбасы, Аршалы ауданы.; үш көтермелеу орны – Габбасовтар отбасы Көкшетау қаласы, Тамбовцевых отбасы Сандықтау ауданы, Бапишевтар отбасы Бұланды қаласы.
Іс-шара барысында жеңімпаз отбасыларына ақшалай сертификаттар мен құнды сыйлықтар табысталды.
Мереке концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.