КҮНДЕ 216 ОҚУШЫҒА ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫН ТАРАТТЫ
23 тамыз Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен “Мектепке жол” республикалық қайырымдылық акциясы өтті. Қайырымдылық шарасында 216 оқушыға мектеп сөмкесі, оқу құралдары және 20 мың теңге көлемінде ақша берілді. Орташа есеппен 1.5 — 2 млн теңге көлемінде қаражат бөлінді. Шамамен 1 оқушыға 25-30 мың теңгеден оқу құралдары алынды. Акция қырқүйек айының соңына дейін жалғасады.
Шараны Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Ғалымжан Махан, Астана қаласының ішкі саясат басқармасының басшысы Әлмұхан Нұрдәулет, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасының орынбасары Буларов Лугмар сөз бастап ашып берді.
“Бұл жиынның басты мақсаты — Қазақстан халқы Ассамблеясының — достық пен келісімнің бірліктің симфолы” деген ұстанымы бойынша дінге, ұлтқа бөлінбей көмекке мұқтаж жандарға көмек беру. Бұл акция “Жомарт жан” атты қайырымдылық қорының негізінде ұйымдастырылып отыр. Көмекке мұқтаж отбасыларды этномәдени бірлестіктердің базасы, ҚХА Ақсақалдар кеңесі, КХА Аналар кеңесі, әкімшіліктің аз қамталған отбасылар жайында тізімі бойынша қаралады. Бүгін 216 оқушыға көмек көрсетілді, дегенмен Астана қаласы бойынша 2000-нан астам оқушыға мектепке дайындық жасауына көмек қолы созылып жатыр“, — деді Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының орынбасары Ләззат Кусаинова.
Астана қаласының тұрғыны Марина Михайлова: “Бұл қайырымдылық акциясын “Wiedergeburt” Қазақстан немістерінің қоғамдық бірлестіктерінің қауымдастығының хабарлауымен білдім. Біз “Мектепке жол” акциасына жыл сайын келеміз. Негізі мен екі немерені өзім бағып отырған әжемін. Немеремнің үлкені 6-шы сыныпқа барады, кішісінің 1 топ мүгедектігі бар. Осы тұста бізге бұндай акциялардың тигізер көмегі зор. Тек қаржылай емес, рухани тұрғыда да қолдау көрсетіп отырады, сондықтан оларға алғыс білдіремін”, — деді.
“Өзім көп балалы анамын, баламның мүгедектігі бар. Сондықтан мектеп қызметкерлері маған хабарласып, “Мектепке жол” қайырымдылық акциясы өтетіндігін хабарлады. Өткен жылы да осы акцияға келген болатынбыз. Бізге ұнағаны балаларға мектепке сөмке, ішінде оқу құралдарын толтырып қойған . Сондай-ақ әр балаға 20 мың көлемінде ақша берілді. Келесі жылы мектеп киімің қосса нұр үстіне нұр болушы еді”, — дейді Гүлназ Темірғалиқызы.
Сонымен қатар келген балаларға тек әлеметтік көмек көрсетіп ғана қоймай, арнайы аниматорлар келіп балалармен ойнап көңіл көтерді. Шара соңында балаларға балмұзмұздақ таратылды.
optimism.kz — тің хабарлауы бойынша 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында демеушілердің қаражаты есебінен мектеп сөмкелері мен құрал-жабдықтар түрінде көмек көрсетіледі. Барлығы 8500-ден астам баланы қамту жоспарланып отыр.
Айта кетелік, “Мектепке жол” республикалық қайырымдылық акциясының өткізіліп жатқанына биыл 15 жыл. Әр жылы акция 400 мыңнан астам ден астам балаға көмек береді.
Қазақстан бойынша жалпы мәліметтер:
2009 жыл: Акция аз қамтылған отбасылардың балаларына көмек көрсету мақсатында басталды. Алғашында бірнеше мың балаға әлеметтік көмек берді.
2014 жыл: Бағдарлама жыл сайын 200 мыңнан астам баланы қамтып, географиясы мен демеушілерінің санын арттырды.
2020 жыл: Жыл сайын 400 мыңнан астам бала мектеп құралдары, киім-кешек және басқа да қажетті заттармен қамтамасыз етіледі. Бағдарламаны қаржыландыру да артып, жылына 3 миллиард теңгеден асты.
2024 жыл: Акция аясында ел бойынша шамамен 450 мың баланы қамту жоспарланған. Әлеуметтік әлсіз топтардан шыққан балаларға, соның ішінде жетім балаларға, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына көмек беру жоспарланды.
НАЗЫМ Маликкызы