Елінің ұстанған саясатына қарсы шетел азаматтарына Ресейге көшу жеңілдетіледі
Ресей президенті Владимир Путин сыртқы істер министрлігіне өмір сүріп жатқан елдерінің саясатына қарсы болуына орай Ресей еліне қоныс тігуді қалаған шетел азаматтарына уақытша өмір сүруге рұқсат беруді қолға алу жайлы тапсырма берді.
Президенттің тиісті жарлығы құқықтық актілерді ресми жариялау сайтында пайда болды.
«Дәстүрлі ресейлік рухани-адамгершілік құндылықтарын қабылдайтын адамдарға гуманитарлық қолдау көрсету туралы» деген құжатта шетел азаматтары мен азаматшаларының көлемді мерзімді визаны үкімет бекіткен квотадан бөлек және орыс тілін меңгергендігін растайтын құжатсыз қабылдай алатыны айтылған.
«Деструктивті неолибералдық идеологиялық саясатты жүзеге асыратын мемлекеттердің азаматтарына Ресей Федерациясының Үкіметі бекіткен квотаны есепке алмай және орыс тілін, Ресей тарихы мен Ресей заңнамасының негіздерін білетіндігін растайтын құжатты ұсынбай, тұруға немесе Ресей Федерациясына тұрақты тұруға көшуге ниет білдірген шетелдіктерге уақытша тұруға рұқсат алуға өтініш беру құқығын беру», – деп аталған құжатта.