Елімізде әскери-техникалық оқу орындарындағы оқу ақысы көтерілуі мүмкін
Әскери білімнің бағасы қолайлы ма? Ол туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлауы бойынша «Қорғаныс министрлігі Қазақстанның әскери-техникалық оқу орындарындағы оқу құнын ең төменгі есептік көрсеткішке теңестірмек.
«Ашық нормативтік құқықтық актілер» порталында ведомство басшысы Руслан Жақсылықовтың бұйрығы жарияланды. Ол қолдау тапса, оқыту бағасы 369 200 теңгеге дейін көтеріледі» — дейді.
Бұл құжатқа сәйкес, отансатарымызға әскери-техникалық басқа да әскери мамандықтарда білі м беру құны 100 АЕК (2024 жылы – 369 200 теңге) болады.
Ал қазіргі мезетте оқу ақысы – 305 мың теңгені құрайды.
Жоғарыда аталған бұйрық жобасын 23 тамызға дейін талқыламақ.
«Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық училищесі» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны орналасқан қалалардағы 13 филиалдан тұрады, олар : Алматы, Талдықорған, Тараз, Шымкент, Қызылорда, Семей, Өскемен, Павлодар, Ақтөбе, Атырау, Орал, Қарағанды, Көкшетау қалалары.